Home Электроника Ақылды құрылғылар Apple құлаққабы енді тілдік кедергіні жояды

Apple құлаққабы енді тілдік кедергіні жояды

17
Cute smiling woman lying on couch while listening to music in bright living room

Apple компаниясының сымсыз құлаққабы енді шетел тіліндегі сөздерді нақты уақытта аударып, пайдаланушыға түсінікті тілде жеткізе алады, деп хабарлайды Bloomberg. Жаңа функция жылдың соңына дейін іске қосылмақ.

Жүйе екі бағытта жұмыс істейді: құлаққап айтылған сөзді қабылдап, аудармасын ойнатады. Қолданушы өз жауабын айтып, оны iPhone динамигі арқылы тыңдата алады. Бұл мүмкіндік iOS 19 жүйесіне негізделген, сондықтан оны пайдалану үшін құрылғы жаңартылған болуы қажет.

Сонымен қатар, Apple смартфондарының бағасы қымбаттауы мүмкін. Кедендік алымдардың өсуіне байланысты компания өз өнімдерінің құнын арттыруға мәжбүр болатыны хабарланды.