Алматыда жастарға арналған тегін жасанды интеллект мектебі өз жұмысын бастады. Алмалы ауданындағы комьюнити-орталықта ашылған жаңа мектеп жас алматылықтарға AI технологияларын терең меңгеруге мүмкіндік береді.
Курс бағдарламасы машиналық оқыту алгоритмдерін, нейрондық желілердің негіздерін, деректермен жұмыс істеу әдістерін және жасанды интеллекттің әртүрлі салада қолданылуын қамтиды.
Қазіргі таңда Алматыда 11 комьюнити-орталық жұмыс істейді. Бұл орталықтар жастарға қолдау көрсетіп, өз білімдерін жетілдіруге жағдай жасайды.