Home Және басқа ақпараттар Алматыда Securex Kazakhstan 2025 халықаралық көрмесі өтеді

Алматыда Securex Kazakhstan 2025 халықаралық көрмесі өтеді

13

2025 жылдың 12-14 наурызы аралығында Алматыда Securex Kazakhstan 2025 атты 13-ші халықаралық көрме өтеді. Шара аясында ақпараттық технологиялар, киберқауіпсіздік және өртке қарсы қорғаныс саласындағы соңғы жаңалықтар таныстырылады.

Көрмеге келушілер кибершабуылдардан қорғайтын заманауи бағдарламалық өнімдер, автоматтандыру жүйелері мен жаңа аппараттық құралдармен таныса алады. «Қауіпсіздік, өртке қарсы қорғаныс, ақпараттық технологиялар, байланыс және дрондар» тақырыбы аясында ұйымдастырылатын шарада күзет, бейнебақылау, деректерді қорғау және қауіпсіздік саласындағы жетекші компаниялар өз өнімдерін ұсынады.

DronEx Kazakhstan 2025 арнайы экспозициясында түрлі мақсаттарға арналған жаңа ұшқышсыз басқарылатын аппараттар мен оларға қарсы қолданылатын жүйелер көрсетіледі.

Сонымен қатар, көрмеде дәстүрлі қауіпсіздік жүйелері, оның ішінде бейнебақылау, өртке қарсы жабдықтар, дабыл және хабарландыру жүйелері сынды технологиялар да таныстырылмақ.

Көрмеге кіру тегін, тек алдын ала тіркелу қажет. Көрмеге билет алып үлгеріңіз
Тіркеу үшін промокод: SEC2025CIS