13 ақпан күні Алматыда IT, цифрлық технологиялар және бизнес саласындағы мамандарға арналған No-Code Day конференциясы өтеді. InterContinental Almaty қонақүйінде ұйымдастырылатын бұл шара бизнес-процестерді автоматтандырудағы no-code платформалары мен жасанды интеллектінің (AI) рөліне арналмақ.

Егер сізді компаниялардың сәтті цифрлық трансформациясы, инновациялық шешімдер және жаңа технологиялардың мүмкіндіктері қызықтырса, No-Code Day Almaty сіз үшін пайдалы шара болмақ. Конференцияда сала көшбасшылары мен сарапшылар өз тәжірибелерімен, бизнесін автоматтандырудағы нақты кейстерімен бөліседі. Бағдарламада – технологиялық трендтерге арналған баяндамалар, бизнеске арналған жаңа шешімдерді таныстыру, сондай-ақ қатысушылармен пікір алмасу мен жаңа іскерлік байланыстар орнату мүмкіндігі бар.