Home Электроника Ақылды құрылғылар Алматыда 13T сериясы мен ақылды құрылғылардың таныстырылымы өтті

Алматыда 13T сериясы мен ақылды құрылғылардың таныстырылымы өтті

31

Алматыда өткен ерекше техношарада қазақстандықтарға Xiaomi компаниясының ең соңғы жаңалығы — Xiaomi 13T сериясы ресми түрде таныстырылды. Бұл құрылғылар — 2023 жылдың басты технологиялық жетістіктерінің бірі ретінде саналады.

Xiaomi компаниясының Қазақстандағы аймақтық менеджері Руслан Қайтугеловтың айтуынша, жаңа смартфондар — шығармашыл, сапалы сурет пен бейне түсіруге мән беретін қолданушыларға арналған.

«Біз бұл жолы кескін мен бейне сапасына ерекше назар аудардық. Сонымен бірге, құрылғының өнімділігі мен қуаттылығы да басты назарда. Xiaomi 13T Pro — MediaTek Dimensity 9200+ процессорымен, ал 13T — Dimensity 8200 Ultra чипімен жабдықталған», — деді Руслан Қайтугелов таныстырылым барысында.

Алматыда 13T сериясы мен ақылды құрылғылардың таныстырылымы өтті

Флагмандық модельдер 6,67 дюймдік CrystalRes AMOLED экранымен (2712 × 1220 пиксель, 144 Гц), 20 мегапиксельдік алдыңғы камерамен және 5000 мА·сағ қуат сыйымдылығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ смартфондарда стереодинамик, су және шаң өткізбейтін IP68 стандартына сай қорғаныс бар.

Leica компаниясының кәсіби линзаларымен түсірілген кадрлар терең түстер мен табиғи өңге ие. Ал 10-биттік LOG 4:2:0 H.265 форматындағы бейнежазба түс пен детальді нақты бақылауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, Xiaomi 13T Pro үлгісі 8K сапада бейне түсіруге қабілетті.

Компания өкілдерінің айтуынша, жаңа смартфондар үш түсте шығады: Alpine Blue (аспан көк), Meadow Green (жасыл) және Black (қара).

Бағасына келсек, Xiaomi 13T Pro нұсқасы 512 ГБ және 1 ТБ тұрақты жадпен ұсынылып, 389 990 теңгеден басталады. Ал Xiaomi 13T үлгісі 12 ГБ жедел және 256 ГБ тұрақты жадымен 299 990 теңге тұрады.

Алматыда 13T сериясы мен ақылды құрылғылардың таныстырылымы өтті

Смартфондар бес жыл бойы жаңартылып отырады: алғашқысында төрт Android нұсқасы қолжетімді болса, соңғы жылы қауіпсіздік жүйесі жаңартылып тұрады.

Алматыда 13T сериясы мен ақылды құрылғылардың таныстырылымы өтті
Алматыда 13T сериясы мен ақылды құрылғылардың таныстырылымы өтті

Шара барысында Xiaomi Smart Band 8 смарт-білезігі де таныстырылды. Бұл құрылғы 150-ден астам спорт түріне арналған режиммен жабдықталған, сондықтан жаттығу жасауда таңдау ауқымы кең.

Xiaomi Smart Band 8 — заманауи Apollo 4 Blue Lite чипсеті негізінде жұмыс істейді. Оның көмегімен білезік жылдам әрі бірқалыпты жұмыс істейді. Жаңартылған 190 мА·сағ сыйымдылықтағы аккумулятор толық қуатта 16 күнге дейін қызмет етеді.

Алматыда 13T сериясы мен ақылды құрылғылардың таныстырылымы өтті

5ATM⁴ стандартына сай су өткізбейтін құрылғыны түрлі жағдайда, әртүрлі белсенділік кезінде қолдануға болады. Xiaomi Smart Band 8 білезігінде 200-ден астам алдын ала орнатылған циферблат бар. Олардың арасында интерактивті түрлері де кездеседі, бұл құрылғыны өз талғамыңызға, көңіл-күйіңіз бен стиліңізге сай баптауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Xiaomi өкілдері жағымды жаңалықпен бөлісті. Қазақстанда Яндекстің виртуалды көмекшісі Алисамен жабдықталған Xiaomi ақылды дисплейіне алдын ала тапсырыс қабылдау басталды.

Алматыда 13T сериясы мен ақылды құрылғылардың таныстырылымы өтті

Ақылды дисплей арқылы видео көріп, музыка тыңдауға, смарт-үй жүйесін басқаруға және жақындарыңызбен бейнебайланыс жасауға болады.