Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) баспасөз қызметі e-Salyq Azamat және e-Salyq Business мобильді қосымшаларына қатысты алаяқтық әрекеттердің тіркелгенін ескертті.
Осыған байланысты МКК мамандары қолданушыларға келесі сақтық шараларын ұстануға кеңес береді:
WhatsApp, Telegram секілді мессенджерлерде e-Salyq Azamat немесе e-Salyq Business атынан келген күмәнді файлдарды ашпаңыз (аталған қосымшалар мессенджерлер арқылы хабарлама таратпайды).
Хабарламада көрсетілген сілтемелерге өтпеңіз;
Жеке мәліметтеріңізді (аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз, қызметіңіз, мекенжайыңыз және басқа ақпарат) бөгде адамдарға ұсынбаңыз.
Қосымшаларға қатысты техникалық сұрақтар туындаған жағдайда, support_portal@kgd.minfin.gov.kz электронды поштасына хабарласуға болады.