Home Робот пен дрондар,ЖИ Актөбелік студент Алия Молдағұлова туралы комикс жасады

Актөбелік студент Алия Молдағұлова туралы комикс жасады

12

Актөбедегі Heriot-Watt университетінің 2-курс студенті Коркемай Елеусиз Марсельқызы Кеңес Одағының Батыры Алия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ерекше жоба әзірледі. Жас студент заманауи технологиялардың мүмкіндігін пайдаланып, тарихи тұлғаның ерлігін бейнелейтін комикс жасап шық5.

Бұл жоба оқушыларға Алия Молдагулова туралы ақпаратты жеңіл әрі қызықты түрде жеткізуді көздейді. Сондай-ақ, комикс жастарды ынталандырып, ұлттық рухани құндылықтарды қайта жаңғыртуға бағытталған.

Жобаның ерекшелігі – шығармашылық салада жасанды интеллектіні қолдану және тарихи тұлғаның ерлігін жаңа форматта ұсыну. Бұл тәсіл жас ұрпақты тәрбиеге баулып, өз еліміздің батырлары туралы мағлұматты қызықты әрі тартымды етіп жеткізеді.