АҚШ үкіметі Catch and Revoke («Ұстау және жою») бағдарламасын іске қосып, жасанды интеллект көмегімен шетелдік студенттердің әлеуметтік желідегі белсенділігін бақылау жұмысын бастады. Бағдарламаның мақсаты – терроризммен байланысы бар адамдарды анықтау.
Жасанды интеллект әлеуметтік желілердегі үлкен көлемдегі мәліметтерді талдап, студенттің қылмыстық әрекеттерге қатысы бар-жоғын немесе саяси шерулерге белсенді қатысуын бақылайды. Егер қауіп анықталса, студенттік виза жойылады немесе кері қайтарылады. Бұл шешім 1952 жылғы Иммиграция және азаматтық туралы заңға сәйкес қабылданады. Аталған заң АҚШ мемлекеттік хатшысына елге қауіп төндіруі мүмкін шетел азаматтарының визасын жою құқығын береді.
Бағдарламаның мақсаты – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Дегенмен қоғамда бұл бастама қызу пікірталас тудырды. Қолдаушылардың пікірінше, ол елдегі қауіпсіздікті нығайтуға көмектеседі. Ал сыншылар бұл жүйенің азаматтық құқықтарды шектеп, жеке деректерге қол сұғуы мүмкін екенін алға тартады.
Автор: Dexter | Дереккөз: Axios