Home Технологиялар Ғаламтор және желі Илон Маск жасанды интеллект көмегімен түсірілген «Одиссея» сериалының алғашқы бөлімін таныстырды

Илон Маск жасанды интеллект көмегімен түсірілген «Одиссея» сериалының алғашқы бөлімін таныстырды

14

Илон Маск жасанды интеллект көмегімен толығымен түсірілген «Одиссея» сериалының алғашқы бөлімін ұсынды. Бұл туралы kino.mail.ru хабарлады.

Ұзақтығы жеті минуттық бейнеролик Grok Imagine нейрондық желісі арқылы жасалған. Бұған дейін Маск 2026 жылдың соңына дейін Гомердің поэмасы негізінде толықметражды фильм түсірілетінін мәлімдеген еді.

«Осы жылдың соңына дейін Grok Imagine Гомердің шығармасына сай келетін әрі тарихи деректерге негізделген “Одиссея” толықметражды фильмін жасайды», – деген болатын кәсіпкер.

Алайда қазір таныстырылған туынды толықметражды фильм емес, сериал түрінде ұсынылған. Алғашқы мәлімдемеде жобаның толықметражды фильм болатыны айтылған еді.

Қосымша материалдар мен сараптамалық шолуларды біздің Telegram арнамыздан оқуға болады.