Home Технологиялар Ғаламтор және желі Қазақстанда «Таза Қазақстан» платформасын құру жоспарланып отыр

Қазақстанда «Таза Қазақстан» платформасын құру жоспарланып отыр

15

Қазақстанда «Таза Қазақстан» бірыңғай цифрлық платформасын құру, тазалықтың ұлттық стандартын енгізу және осы талаптардың орындалу деңгейіне қарай өңірлердің рейтингін қалыптастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин мәлімдеді.

Бірінші бағыт конституциялық құндылықтарға негізделеді. Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалар жөніндегі стратегиялық бағытының өзегін құрайды. Олардың қатарында заң мен тәртіптің үстемдігі, жалпыұлттық бірлік, этносаралық және конфессияаралық келісім, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация, еңбекқорлық пен даму құндылықтары, қоршаған ортаға ұқыпты қарау, сондай-ақ жауапты әрі жасампаз патриотизм бар.

Екінші бағыт жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға арналған. Бұл қоғамда озық нормалар мен мінез-құлық үлгілерін орнықтыруды, ортақ құндылықтық негізді нығайтуды, қоғамдық өмірдің архаикалық сипатқа қайта оралуына және тарихи фактілерді бұрмалауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруды көздейді.

Үшінші бағыт болашаққа ұмтылысқа негізделеді. Мұнда адам капиталын ғылым мен білім, инновация мен технология, мәдениет пен ағарту салаларын дамыту арқылы жетілдіруге басымдық беріледі.

Дереккөз: Kazinform