Home Және басқа ақпараттар Балаларға арналған Ақмола оқушылары Еуропалық информатика олимпиадасында жүлде алды

Ақмола оқушылары Еуропалық информатика олимпиадасында жүлде алды

31

Көкшетаудағы «Білім-Инновация» лицей-интернатының екі тоғызыншы сынып оқушысы халықаралық деңгейде топ жарып, Болгарияның Шумен қаласында өткен IX Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында жүлдегерлер қатарына кірді.

Турнирге 24 елден жүзден астам талантты оқушы қатысты. Қазақстан командасы төрт қатысушымен сайысқа шықты. Ақмола облысының өкілдері Нұрәлі Шаймерден мен Мұғжан Дінмұхаммед үздік нәтижелер көрсетіп, қола медальға ие болды.

Жеңісті команда мүшелерін өткен демалыс күндері салтанатты түрде қарсы алды. Ата-аналар, ұстаздар мен білім саласының өкілдері жас программистердің жетістігін өңірдегі мектептегі IT-білімінің дамуына қосқан маңызды үлес ретінде бағалады.