Алматының жазғы кеші. Біз Көк-Төбеге көтерілген сайын төменде үлкен қаланың шамдары біртіндеп жана бастағанын көреміз. Жаңа HUAWEI Pura90s флагмандық топтамасының таныстырылымы да дәл осы жерде өтті.
Редакциямыз шараға жаңа құрылғыларды көзбен көріп, олардың дизайнымен жақынырақ танысу, камера мүмкіндіктерін сынау және HUAWEI компаниясының биыл пайдаланушыларға қандай жаңалықтар ұсынғанын білу үшін барды.

Таныстырылымның өзіндік атмосферасы қалыптасты. Биіктен Алматының көрінісі алақандағыдай ашылып, шараға жиналған қонақтардың қарасы көбейді. Ал көпшіліктің назары HUAWEI Pura90s Pro және HUAWEI Pura90s Pro Max атты екі жаңа модельге ауды.
2026 жылғы 12 тамызда HUAWEI компаниясы Алматыда жаңа флагмандық топтамасын таныстырды. Бұл жолы негізгі назар мобильді фотосуретке аударылған. Өндіруші заманауи смартфон қала көрінісін, адамдарды, саяхат сәттерін суретке түсіруді ұнататындар үшін ғана емес, күнделікті өмірдегі маңызды сәттерді есте қалдыруды көздейтін кез келген адамға ыңғайлы құрал бола алатынын көрсетуді мақсат еткен.

Осы тұжырымды іс жүзінде көрсету үшін шара қонақтарына жаңа құрылғылармен өз бетінше танысып, олардың камераларының мүмкіндігін сынап көруге мүмкіндік берілді.
Әсіресе HUAWEI Pura90s Pro Max моделінің 200 Мп телеобъективі ерекшеленеді. Ол өте үлкен сенсормен жабдықталған және алыстағы нысандарды жоғары айқындықпен түсіруге арналған. Камера бейнені 20 есеге дейін үлкейтіп түсіруге де мүмкіндік береді.

Телеобъективті портрет түсіру кезінде де пайдалануға болады. Фокус аралығының ерекшеліктері фотосуреттегі адамның бейнесін табиғи көрсетуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде көрерменнің назары кадрдағы негізгі нысанға, яғни адамға шоғырланады.
HUAWEI түсірілім кезіндегі түстердің берілу сапасына да айрықша мән берген. Топтамада XMAGE технологиясының екінші буыны қолданылған. Оның негізгі міндеті – фотосуреттегі табиғи реңктерді барынша дәл жеткізіп, түсірілім сәтінде пайдаланушының көзіне көрінген көріністің әсерін сақтау.

Қарапайым пайдаланушы үшін «ЖИ көмегімен композиция құру» функциясы да қызықты болуы мүмкін. Ол суретке түсіру кезінде нысанды тиімді орналастыруға көмектесіп, экранда көрнекі нұсқаулар ұсынады.Бұл мүмкіндік кәсіби композиция қағидаларын жетік білмейтін, бірақ мазмұны тартымды әрі әсерлі фотосуреттер түсіргісі келетін адамдарға пайдалы.
Шара барысында біз бұл функцияны және камераның басқа да мүмкіндіктерін өзіміз де тексеріп көрдік. Кешкі қала жағдайында смартфонның ұсақ бөлшектерді, жарық пен түстерді қаншалықты дәл жеткізетініне назар аударуға мүмкіндік болды.

Жаңа топтаманың техникалық мүмкіндіктері фотосуретпен ғана шектелмейді. Құрылғылар күнделікті пайдалануға қажетті бірқатар сипаттамамен де ерекшеленеді.
Екі модель де сыйымдылығы 6000 мАч аккумулятормен жабдықталған. HUAWEI Pura90s Pro Max қуаты 100 Вт HUAWEI SuperCharge сымды жылдам зарядтау технологиясын қолдайды. Бұл аккумулятор қуатын қысқа уақытта толықтыруға және құрылғыны қуат көзіне қосып қоюға кететін уақытты азайтуға мүмкіндік береді.

Экранды қорғау үшін Kunlun Glass шынысы қолданылған. HUAWEI жүргізген зертханалық сынақтардың дерегіне сәйкес, бұл материал жарықтың шағылуын 70 пайызға азайтады. Сонымен қатар оның сызатқа төзімділігі мен соққыға беріктігі кәдімгі шыныға қарағанда жоғары.
Pura90s топтамасымен тікелей танысу барысында оның дизайны да назар аудартады. Смартфондар Pura сериясына тән сыртқы келбетін сақтаған. Ал түрлі түсті нұсқалары құрылғыларды ерекшелендіріп, оларды технологиялық құрал ғана емес, күнделікті стильдің бір бөлігі ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.

Көк-Төбедегі кешкі таныстырылым жаңа смартфондардың мүмкіндіктерін бағалауға қолайлы жағдай қалыптастырды. Күндізгі жарық біртіндеп кешкі қараңғылыққа ұласқан сайын қаладағы түрлі нысандар мен ұсақ бөлшектерді байқау әрі оларды суретке түсіру мүмкіндігі арта түседі. Сондықтан мұндай ортада камера мүмкіндіктерін таныстырылым кезіндегі техникалық сипаттамалар арқылы ғана емес, тікелей түсірілім барысында да бағалауға болады.
Шараға қатысып, жаңа құрылғыларды қолданып көрген қонақтар да өздері түсірген фотосуреттердің сапасына оң бағасын берді. Әсіресе алдын ала дайындықсыз, жылдам түсірілген кадрлардың нәтижесі көңілден шықты.

Репортаж соңында HUAWEI Pura90s Pro және HUAWEI Pura90s Pro Max модельдерінің сатылымы 14 тамызда басталғанын атап өткен жөн. Құрылғыларды Kaspi-дегі Huawei Official Store ресми дүкенінен және HUAWEI компаниясының ресми серіктестерінен сатып алуға болады.
Топтаманың бастапқы бағасы – 399 990 теңге.

Жаңа Pura90s Алматының жазғы кештерінің бірінде қала көрінісімен танысты. Енді бұл таныстық қазақстандық пайдаланушылардың күнделікті өмірінде, олардың түсірген кадрларында және қала тіршілігіндегі кездейсоқ, бірақ уақыт өте келе маңызды естелікке айналатын сәттерде жалғасын табады.












