Home Робот пен дрондар,ЖИ Қарағанды облысының мектеп оқушылары химиялық қауіп аймақтарында жұмыс істей алатын роботтар әзірледі

Қарағанды облысының мектеп оқушылары химиялық қауіп аймақтарында жұмыс істей алатын роботтар әзірледі

15

Адам құтқарушының орнына роботты пайдалану — Қарағанды облысында өткен Dosimetricrobot – 2026 атты облыстық байқауға қатысушылардың алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі. Оқушылар химиялық және радиациялық қауіп аймақтарында жұмыс істей алатын, сол арқылы адам өміріне төнетін тәуекелді азайтатын құрылғылардың прототиптерін ұсынды.

Байқауды Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өңірлік білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Байқаудың идеясы төтенше жағдай кезінде, әсіресе химиялық заттардың төгілуіне байланысты қауіпті аймақтарда адамды алмастыра алатын роботтың прототипін жасауға бағытталды, — деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Ерасыл Сайпаш. — Мұндай робот қашықтан өлшеу жүргізіп, аумақты тексеріп, қауіп деңгейін анықтауы тиіс. Бұл құтқарушыларды ластанған аймаққа кіргізбеуге мүмкіндік беріп, олардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Байқауға жеті команда қатысты. Бірінші кезең жобаларды қорғау форматында өтті: қатысушылар өз әзірлемелерін таныстырып, роботтардың техникалық шешімдері, жабдықталуы мен мүмкіндіктері туралы баяндады. Күннің екінші жартысында жарыс арнайы дайындалған полигонда жалғасты. Онда құрылғылар кедергілер жолағынан өтіп, шартты зардап шеккен адамды іздеу және өлшеу жүргізу тапсырмаларын орындады.

Бірінші орынды Шахтинск қаласының командасы иеленді. Екінші орын Қарағанды қаласындағы Оқушылар сарайының командасына бұйырса, үшінші орынды ақпараттық технологиялар бағытындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары алды.

Жеңімпаз командасының роботы барлық тапсырманы сәтті орындап, дозиметриялық жабдықты жеткізді, шартты төгілу аймағында өлшеу жұмыстарын жүргізді, кедергілерден өтті және операторға бейнеақпаратты үздіксіз әрі тұрақты түрде жеткізіп отырды. Құрылғы жарықтандыру жүйесімен, манипулятормен және камерамен жабдықталған, сондай-ақ бір шақырымға дейінгі қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді. Зардап шеккен адамды анықтаған сәтте автоматты түрде дабыл беру функциясы қарастырылған. Бұған қоса робот тегіс емес жер бедерінде де тұрақты қозғалып, түрлі кедергілерді еркін еңсеру қабілетін көрсетті.

Команда құрамында 8–10-сыныптарда оқитын бес оқушы және екі педагог болды.

Команда жетекшісі, Шахтинск қаласы Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогы Яков Морозовтың айтуынша, бұл жоба олар үшін маңызды инженерлік тәжірибе алаңы болған.

Байқаудың ерекшелігі — оқушыларға ғана емес, сонымен қатар педагогтарға кең конструкторлық мүмкіндіктер беріледі.Менің сегіз жылдық жұмыс тәжірибемде мұндай ауқымды жобаға алғаш рет қатысуым. Бұл адамдарға нақты пайда әкеле алатын құрылғы жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұнда дербес инженерлік шешімдер қажет, бұл өз идеяңды жүзеге асыруға жол ашады, — дейді ол.

Қарағанды облысының мектеп оқушылары химиялық қауіп аймақтарында жұмыс істей алатын роботтар әзірледі

Ұйымдастырушылардың жоспары бойынша, Қарағанды облысы ТЖД осы техникалық шешім негізінде неғұрлым ірі өнеркәсіптік үлгідегі құрылғы әзірлеп, оны нақты жағдайға барынша жақын ортада — көлікте және қауіпті заттар төгілген төтенше жағдайларды модельдеу кезінде сынақтан өткізуді көздеп отыр. Тестілеу нәтижелерінен кейін бұл әзірлемені төтенше жағдайларды жою барысында тәжірибеде қолдану мүмкіндігі қарастырылатын болады.

Қосымша материалдар мен сараптамалық мақалаларды MobiLaser Telegram арнасынан оқуға болады.