Home Электроника Ұялы телефон Samsung Galaxy S26 және Galaxy Buds4 Қазақстанда сатылымға шықты

Samsung Galaxy S26 және Galaxy Buds4 Қазақстанда сатылымға шықты

20

Samsung компаниясы Қазақстанда Galaxy S26 смартфондары мен Galaxy Buds4 құлаққаптарының сатылымы басталғанын ресми түрде жариялады. Таныстырылымнан кейін Galaxy S26 сериясына алдын ала тапсырыс көлемі бұрынғы көрсеткіштерден асып, екі таңбалы өсімді көрсетті.

Сатылымның басталуына орай Samsung «Үш еселенген тиімділік: 10-10-10» атты жаңа ауқымды науқанын іске қосты. 1 сәуірден бастап Galaxy S26 сериясындағы смартфонды тиімді шарттармен сатып алуға мүмкіндік бар: Trade-in бағдарламасы арқылы бағаны 10%-ға дейін төмендетіп, Samsung Pay (Wallet) арқылы төлем жасағанда тағы 10% жеңілдікке ие боласыз, сондай-ақ 10% көлемінде Welcome Voucher ұсынылады. Бұдан бөлек, S26 сериясындағы смартфонды сатып алған әрбір тұтынушыға Galaxy Tab A11 планшеті сыйға беріледі.

Galaxy S26 Ultra премиум-флагманы — Samsung ұсынған ең озық технологиялардың жиынтығы. Қуатты өнімділік, жетілдірілген камера жүйесі, жаңартылған Galaxy AI мүмкіндіктері және әлемде алғаш рет енгізілген кіріктірілген «Жеке дисплей» технологиясы бұл құрылғыны ерекше деңгейге көтереді.

«Жеке дисплей» функциясы экранға арнайы қорғаныш қабат қолданбай-ақ, бүйір жақтан қарағанда көріністі шектейді. Ал тікелей қараған кезде экран айқын әрі анық күйінде сақталады. Бұл шешім пайдаланушының жеке мәліметтерін бөгде көзден қорғауға мүмкіндік береді.

Galaxy S26 Ultra түсіру, өңдеу және файл алмасу үдерістерін біртұтас, қолдануға ыңғайлы жүйеге біріктіреді. Түнгі режим бейненің жарықтығын әлсіз жарықта да сақтайды, ал жаңа көлденең бекіту мүмкіндігімен толықтырылған супер тұрақтандыру функциясы қозғалыс кезінде де бейненің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Жаңартылған «Фотосурет ассистенті» арқылы пайдаланушылар өз ойындағыны сөзбен сипаттау арқылы суреттерді жетілдіріп, шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейте алады. Ал «Шығармашыл студия» түрлі визуалды элементтерді — стикерлерден бастап жеке тұсқағаздарға дейін — оңай жасауға жол ашады.

Жаңа Galaxy Buds4 сериясы жоғары сапалы Hi-Fi дыбысымен және ыңғайлы дизайнымен ерекшеленеді. Бұл модельдер бүгінгі таңда Galaxy Buds желісіндегі ең сапалы дыбыс ұсынатын құрылғылардың бірі саналады.

25 наурыздан бастап Galaxy S26 сериясы Samsung.kz сайтында қолжетімді. Жаңа флагмандық құрылғылар біртұтас дизайнмен және ортақ түстік шешіммен ұсынылған. Негізгі түстер қатарында лаванда, ақ, қара және көгілдір бар, сондай-ақ тек Samsung.kz сайтына арналған қызғылт алтын және күміс түстері де ұсынылады.

Galaxy Buds4 сериясы екі модельден тұрады: Galaxy Buds4 Pro және Buds4. Құлаққаптар ақ және қара түстердегі талғампаз күңгірт әрлеумен ұсынылған, ал Buds4 Pro нұсқасының қызғылт алтын түстегі арнайы түрі тек онлайн сатып алуға қолжетімді.