Жаңа жыл тез өтіп кетті, мерекелік отшашулар аяқталды, демалыс күндері артта қалды. Дегенмен бұл көңіл түсіруге себеп емес. Қаңтардың басы – өткен жылдың соңғы кезеңі мен жаңа жылдың алғашқы аптасында болған қызық оқиғаларды, жаңалықтар мен ашылымдарды сараптап, ой елегінен өткізу үшін қолайлы уақыт. Адамдар біртіндеп жұмысқа оралған шақта біз сіздер үшін мерекелік дастархан мен серуен арасында көзден тыс қалған ең маңызды жаңалықтарды жинадық.

Біріншіден, биылғы жылы сіздің қонақ бөлмеңіздің басты нүктесіне айналуы мүмкін жаңалықтан бастайық. Xiaomi компаниясы 2026 жылғы TV A Pro жаңа теледидарлар желісін таныстырды. Бұл – ақылды техника қарапайым әрі қолжетімді бола алатынының тамаша мысалы. Жаңа модельдерде тек кескін сапасына ғана емес, қолданушының ыңғайлылығына да ерекше назар аударылған. Google TV жүйесі барлық жазылымдарыңызды және қалауларыңызды бір жерде жинап, қажет қосымшаны ұзақ іздеуден құтқарады. Ал егер сіз эстетиканы бағалайтын болсаңыз, металл корпусы мен жіңішке жақтаулары бұл гаджетті қарапайым қара төртбұрыш емес, интерьерді безендіретін стильді элементке айналдырады.

Мерекеден кейін нейрожелілердің мүмкіндіктерін байқап үлгермедіңіз бе деп ойласаңыз, әлі кеш емес. Біз жасанды интеллекттің жаңа жылдық көңіл-күй жасау үшін қалай пайдаланылатынын егжей-тегжейлі қарастырдық. Қазіргі алгоритмдер тек күрделі кодтар ғана емес, шығармашылыққа да арналған. Оларды пайдаланып, жақындарыңызға бірнеше минут ішінде авторлық ашықхат жасауға, кештерге ерекше сценарий ойлап табуға немесе мерекелік сезімді бірнеше аптаға созатын қысқы плейлист жасауға болады.

Қауіпсіздік саласында да биыл маңызды өзгерістер күтілуде. Жеке деректерді қорғау шынайы мағынада жеке бола бастайды: енді ірі дерекқорларға кіру биометриялық тәсілдер арқылы қорғалатын болады. Бұл деректердің өрескел ағып кетуіне қарсы маңызды қадам болып саналады, себебі парольді жалғандату немесе кіру кілтін ұрлау оңай, ал адамға тән ерекшеліктерді имитациялау әлдеқайда қиын. Енді конфиденциалды ақпаратқа қол жеткізу үшін жүйеден саусақ ізін немесе бет сканерін талап етеді, бұл цифрлық шекараларды әлдеқайда сенімді етеді.

Сонымен қатар, YouTube платформасы бірнеше жыл бойы жалған трейлерлер таратқан екі ірі арнанының жұмысын тоқтатты. Screen Culture пен KH Studio арналары генеративтік жасанды интеллектінің көмегімен фильмдер мен сериалдардың жалған трейлерлерін жасап, оны ресми контент ретінде ұсынған. Бұған дейін нейрожелілер арқылы жасалған, шын фильмдердің жалған жалғасы немесе болмаған блокбастерлердің хабарламалары миллиондаған адамдарды шатастырған. Енді платформа шынайылықты бірінші орынға қойып, нақты контентке мүмкіндік берді, көрермендер бос материалдарға уақыт жұмсамай, сапалы контентті тамашалай алады.

Шолуды соңында ғылыми-фантастикалық сценарийдей көрінетін, бірақ қазірдің өзінде жүзеге асырылып келе жатқан жаңалықпен аяқтаймыз. Ғалымдар адам миының жұмысын қайталай алатын жасанды синапс жасап шығарды, оның материалы ретінде бұршақ қабығы мен өсімдік талшықтары қолданылған. Бұл технологияның тек кремний мен пластиктен тұрмайтынын көрсетеді. Табиғи материалдарды пайдалану құрылғыларды тек арзан қана емес, экологиялық тұрғыдан да тиімді етеді. Мүмкін, жақын арада біздің компьютерлер табиғатқа бұрынғыдан да жақын болады.
Міне, 2026 жыл да келіп қа6. Биылғы жыл сандық технологиялардың тереңдеуіне, жасанды интеллекттің барлық өмір саласына – үй теледидарларынан бастап күрделі қауіпсіздік жүйелері мен биологиялық технологияларға дейін енуіне куә болады. Біз бұл үрдісті бірге бақылап отырамыз.










