Home Технологиялар Ғаламтор және желі YouTube жалған трейлерлер таратқан ірі арналардың жұмысын тоқтатты

YouTube жалған трейлерлер таратқан ірі арналардың жұмысын тоқтатты

27

YouTube платформасы бірнеше жыл бойы жалған трейлерлер таратқан екі ірі арнанының жұмысын тоқтатты. Screen Culture пен KH Studio арналары генеративтік жасанды интеллектінің көмегімен фильмдер мен сериалдардың жалған трейлерлерін жасап, оны ресми контент ретінде ұсынған.

Зерттеу нәтижелері бойынша, бұл арналардың жалпы аудиториясы 2 миллионнан асқан, ал қаралым саны миллиардтан жоғары болған. Арналар «Таңғажайып төрттік», «Супермен» және «Қармақ ойыны» сияқты танымал туындылардың жалған трейлерлерін жасап, көрермендерді шатастырған. Қазіргі уақытта аталған арналардың беттеріне кіргенде: «Бұл бет қолжетімсіз. Басқа нәрсе іздеңіз» деген хабарлама көрсетіледі.

Deadline зерттеуінен кейін YouTube аталған арналарға қарсы шара қолдана бастады. Алдымен оларды серіктестік бағдарламадан шығарып, кейін видеолардағы жарнаманы тоқтатты. Монетизацияның тоқтатылуы платформаның ережелерін бұзумен байланысты, себебі Disney сияқты ірі студиялар бұл арналардан түсетін табысқа өз үлесін алатын.

Соңғы айларда Disney генеративтік жасанды интеллектіге қатысты екіұдай саясат ұстануда. Компания жақында Google-ға авторлық құқық бұзушылық туралы шағым жолдады. Бұл әрекет Disney OpenAI-мен үш жылдық лицензиялық келісім жасап, 200-ден астам кейіпкерді ChatGPT және Sora платформаларына көшіру үшін миллиард доллар инвестиция салғаннан кейін жасалды. Нәтижесінде, жасанды интеллект арқылы жасалған жалған трейлерлердің орнына, бұл контент жақын арада ресми түрде Disney+ платформасында көрсетілетін болады.