Қазақстанда азаматтардың ұмытылу құқығын толық жүзеге асыру әзірге мүмкін емес. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева LS тілшісінің сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік деректер базалары мен жеке сервистердегі ақпаратты ескере отырып, бұл құқықтың қалай іске асатынын түсіндірді.
«Цифрлық ізді толық жою мүмкін емес. Сондықтан біз тек теңгерімдік қағида мен технологиялық мүмкіндіктерді ескереміз. Жеке деректер туралы заңда ұмытылу құқығы ішінара қарастырылған, мысалы, келісімді қайтарып алуға болады. Бұл құқық деректерді толық өшіруді, яғни техникалық түрде жоюды, сондай-ақ деректерді анонимдеу арқылы тек жеке ақпаратты алып тастауды қамтиды. Сонымен бірге, деректерге қолжетімділікті шектеу немесе оларды айналымнан шығару арқылы да бұл құқық жүзеге асады. Қазіргі таңда азаматтар көбінесе осыны талап етеді, »,- деді депутат.
Мемлекеттік деректер базаларына қатысты, заң бойынша ақпаратты бірнеше жыл сақтау қажет жағдайлар, мысалы, бұрыңғы деректер, жеке ескертулерге ие болады.
«Цифрлық кодекс жобасында құқыққа қайшы әрекеттер немесе тергеу процесіне қатысы бар ақпаратты өшіру мүмкін еместігі көзделген. Екінші жағдай – егер деректер қоғамдық мүддеге қатысты болса, олар да өшірілмейді. Ал осы ерекшеліктерден тыс, азаматтар деректерге қолжетімділікті шектеуді немесе оларды жоюды талап ете алады», – деп қорытындылады Е. Смышляева.

Айта кетейік, Мәжіліс Цифрлық кодекс жобасын бірінші оқылымда қарады. Онда жаңа категория – таралған цифрлық объект енгізіледі. Мұндай жүйелер үшін цифрлық кондоминиум режимі қарастырылған – таралған цифрлық мүлікті консенсус немесе смарт-келісім негізінде бірге басқару.
Сонымен қатар, құжатта цифрлық ортадағы негізгі құқықтар қамтылған: ұмытылу құқығы, ақпаратқа қолжетімділік, цифрлық сәйкестікті қорғау және жеке өмірді сақтау. Аутентификация мен идентификацияның құқықтық режимі күшейтіледі, көпфакторлы және биометриялық жүйелер енгізіледі. Электрондық цифрлық қолтаңба – бірден-бір заңды мойындалған нысан ретінде сақталады.
Жоспар бойынша цифрлық объектілердің тіркелімін құру көзделген. Бұл көп деңгейлі ұлттық сенімді цифрлық объектілер тізілімі болады, онда отандық шешімдерге басымдық беріліп, шетелдік жүйелерге жергілікті талаптар қойылады.
Цифрлық деректер жазбалар түрінде алғаш рет құқықтық объект ретінде танылды. Бұл деректердің экономикалық құндылығы бар екенін және азаматтық айналымға қатыса алатынын білдіреді. Сондай-ақ ұлттық цифрлық объектілерді алғаш рет енгізу көзделген, олар сатылмайды және елдің цифрлық тәуелсіздігінің негізін құрайды.
Кодексте жүйелерді үш деңгейлі аудит енгізіледі:
Жүйенің жұмыс сапасын тексеру – жүйенің мақсаттары мен нақты қызметтерінің сәйкестігін бағалайды, әсіресе жасанды интеллект үшін;
Киберқауіпсіздік аудиті – қауіптерге төзімділікті, деректерді қорғау мен жүйенің сенімділігін тексереді;
Реттеуші аудит – ішкі саясаттардың кодекс талаптарына сәйкестігін және заңнамамен үйлесімділігін тексереді.












