2025 жылдың 24 қарашасынан бастап тұрғылықты жер бойынша тіркеу рәсімі толық цифрлық форматқа көшті. Енді бұл қызметті тек eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы алуға болады. Жаңалықтың мақсаты – рәсімдерді жылдамдату және ХҚО-дағы кезектерді азайту.
eGov.kz порталы арқылы тіркелу қарапайым.
Алдымен жүйеге кіріп, тіркелу қажет.

«Құқықтық мәртебе, көші-қон және иммиграция» бөліміне өту керек.

Содан кейін қызметті таңдап, өтінімді толтырып, электрондық цифрлық қолтаңба немесе SMS-код арқылы растау қажет. Өтінімнің мәртебесін жеке кабинеттегі «Қызмет алу тарихы» бөлімінен бақылауға болады.

eGov Mobile қосымшасында рәсімдер ұқсас тәртіппен жүргізіледі.
Қолданушы қосымшаға кіріп, өз парақшасына кіру қажет.

«Жылжымайтын мүлік және ЖКХ» бөлімін таңдап, деректерді енгізіп, өтінімді растайды. Өтінім туралы ақпарат «Хабарламалар» бөлімінде қолжетімді.

Дегенмен кейбір жағдайларда әлі де ХҚО-ға бару қажет. Бұл ереже, мысалы, меншік иелерінің арасында кәмелетке толмағандар немесе шектеулі әрекет қабілеті бар азаматтар болса қолданылады. Басқа барлық жағдайда тіркеу толық автоматтандырылған және бірнеше минут қана уақыт алады.
Цифрлық тіркеуге көшу мемлекеттік қызметтерді жаңғырту және электрондық қызметтер ауқымын кеңейту бойынша ірі бастамалардың бір бөлігі болып табылады












