Астанада iBatyr Demo Day шарасы өтті. Іс-шарада ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заманауи шешімдер көрсетіліп, жүйелердің нақты шабуылдар жағдайында қалай жұмыс істейтіні таныстырылды. Сондай-ақ деректер мен веб-қосымшаларды қорғауға арналған құралдар сынақтан өтті.
Мерекені ұйымдастырушылар – ҚР Цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті және iBatyr компаниясы. Шараның басты мақсаты – жеке деректердің ұрлануын болдырмау, мемлекеттік онлайн-қызметтерді жаңа қауіптерден қорғау және кешенді қауіпсіздік жүйелерін енгізу.
Көрмеге қойылған шешімдердің қатарында iBatyr Monitor жүйесі бар. Ол қызметкерлердің күдікті әрекеттерін бақылайды және ақпарат ағынын болдырмайды. Ал iBatyr WAF веб-қосымшаларды қорғап, шабуылдарды нақты уақыт режимінде блоктайды. Бұл құрал әсіресе мемлекеттік секторда, миллиондаған пайдаланушы деректері өңделетін орындарда сұранысқа ие.
«Бүгінде жеке деректердің қауіпсіздігі – мемлекеттің және бизнестің қорғанысы. Біздің өнімдер отандық компаниялардың тиімді шешім ұсына алатынын көрсетеді»,- деп iBatyr ЖШС директоры Виталий Ли деректерді қорғаудың ұлттық қауіпсіздікпен тікелей байланысты екенін атап өтті.
Шара қорытындысында ұйымдастырушылар киберқорғаныс мәдениетін қалыптастыру мен отандық технологияларды дамыту Қазақстан үшін басты бағыт екенін атап өтті. Компания алдағы уақытта өнім желісін кеңейтіп, жаңа салалық кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.