Home Электроника Камералар Жасанды интеллект борышкерлерді бақылауға көмектеседі

Жасанды интеллект борышкерлерді бақылауға көмектеседі

45

Елімізде «Цифрлық бақылау» платформасының мүмкіндіктері кеңейтілді. Бұл жүйе қарызын төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді. Енді борышкерлер тек қоғамдық орындарда ғана емес, әуежайларда, вокзалдарда, метро бекеттерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және көлік билетін сатып алу кезінде де тіркеледі.

Әділет министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2024 жылдың қаңтарында іздеуде жүрген 4 560 адамның 2 мыңнан астамы анықталған. Сонымен бірге көлігіне тыйым салынған жүргізушілерді бақылау жүйесі іске қосылды. Бұл жүйе бейнебақылау камералары мен жасанды интеллектінің көмегімен мәліметті автоматты түрде полицияға жеткізеді, ал тәртіп бұзған көліктер айып тұрағына қойылады.

Жобаны Әділет министрлігі Бас прокуратура және Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірлесіп жүзеге асыруда. Негізгі мақсат – сот шешімдерінің орындалуын жеделдетіп, талапкерлердің құқықтарын қорғау.