Қазақстанда адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары мен медиаторлар eGov.kz порталы арқылы жеке практика жүргізуші ретінде тіркеле алады. Жаңа қызмет толық цифрландырылғандықтан, енді мемлекеттік мекемелерге барудың қажеті жоқ.
Тіркеу деректері салықтық әкімшілендіру үшін қажет және үш негізгі операцияны қамтиды: есепке қою, мәліметтерді өзгерту және есептен шығару. Барлық ақпарат автоматты түрде Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесіне жолданып, kgd.gov.kz сайтында жарияланады.
Өтініш беру үшін порталға кіріп, «Жеке сот орындаушыларын, нотариустарды, адвокаттар мен медиаторларды тіркеу» бөлімін таңдау жеткілікті. Кейін лицензия деректері, жылжымайтын мүлік түрі, өтініш беру себебі көрсетіліп, ЭЦҚ немесе eGov Mobile арқылы қол қойылады. Нәтиже туралы хабарлама бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жолданады.Есептен шығару да онлайн жүзеге асырылады. Бұл туралы ақпарат келесі күні КГД сайтында жарияланады.
Жаңартылған сервис жаңа салықтық IT-жүйенің аясында іске қосылды. Жобаны Цифрлық даму министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қаржы министрлігі бірлесіп жүзеге асырды. Жаңарту рәсімді айтарлықтай жеңілдетіп, өтініштерді қарау уақытын қысқартты. Өтініш нәтижесі – есепке қою, есептен шығару немесе негізді бас тарту болуы мүмкін.