Home Және басқа ақпараттар Және басқалары Жеңіс күні құтты болсын!

Жеңіс күні құтты болсын!

7

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

9 мамыр – жанқияр ерліктің, батырлық пен төзімнің, бейбіт өмірге деген асқақ сенімнің мәңгі ескерткіші. Бұл күн – майдан мен тылда ел үшін ерен еңбек еткен аға буынға тағзым ететін қастерлі сәт.

Біз ата-бабаларымыздың Отан үшін от кешкен ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Сол бір сұрапыл соғыстағы жеңіс — бүгінгі тәуелсіздігіміздің, тыныштығымыздың, бейбіт өміріміздің іргетасы.

Осы күні әр отбасыға амандық, береке-бірлік, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болуын тілейміз. Батырлар рухы бізге әрдайым күш пен үміт сыйлай берсін!