Home Электроника Компьютерлер,ноутбуктер мен планшеттер ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

10

Қайырлы күн, құрметті оқырман! 2025 жылдың маңызды жаңалықтарының бірі – ROG Strix SCAR 18 2925 ноутбугінің таныстырылымы. Бұл құрылғы жаңа технологиялар мен жоғары өнімділікті бір арнаға тоғыстырып, пайдаланушыларға шынайы тәжірибе сыйлайды.

Бұл құрылғының сыртқы дизайны ғана емес, бейнемәліметтер картасы, процессор, салқындату жүйесі және жарықтандыру жүйесі де оны басқа құрылғылардан айрықша етеді. Әрбір бөлшегі өз орнында орналасқан, ал барлық элементтер бір-бірімен үйлесімді түрде жұмыс істейді.

Техникалық ерекшеліктері де таң қалдырады. Бұл ноутбук тек ойыншыларға ғана емес, кәсіби қолданушыларға да жоғары өнімділік пен сенімділікті ұсынады. Сонымен қатар, қуат адаптері мен кабельдердің көлемі құрылғының қуатты әрі тұрақты жұмыс істейтінін дәлелдейді.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

ROG Strix SCAR 18 ноутбугінің дизайнына ерекше көңіл бөлінген. Биылғы модель жаңа алюминий мен пластиктен жасалған корпусымен ерекшеленеді. Бұл материалдар, басқа ноутбуктардан айырмашылығы, саусақ іздерін қалдырмайды, сондықтан құрылғы әрқашан таза әрі мінсіз көрінеді. Ноутбуктың өлшемдері 39,9 х 29,4 х 2,31 см, ал салмағы 3,5 кг, бұл оны жоғары өнімділікке ие ауыр құрылғы етеді.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

Ноутбуктың периметрі бойымен орнатылған жарықтандыру жүйесі ROG Strix SCAR 18 құрылғысына әуеде ұшып жүргендей әсер береді.

Сонымен қатар, құрылғыға қосылған бірегей дизайнерлік шешім – AniMe Vision жарықтандыруы мен 810 жарықдиодты шамдар, олар ноутбуктың жоғарғы алюминий бөлігіндегі мыңдаған кішкентай тесіктерден өтіп, оның бетінде салқын жұлдыздардың жарқырап өтуіндей әсер қалдырады.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

Жарықтандырудың әсерлі эффектілері соншалықты ерекше, оларды суретке түсіру қиынға соғады. Классикалық RGB логотипі де жарқырап, периметрдің жарықтандыруымен бірге түстерін өзгертіп отырады.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал
ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

Барлық жарық эффектілерін оңай өшірсе, ROG логотипінің астында қарапайым әрі талғампаз сыртқы көрініс қалыптасады. Бұл классикалық стильді ұнататындар үшін өте қолайлы.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

Ноутбуктың дисплейі аздап күш салғанда ашылады, алайда экран мен пернетақта арасында ешқандай саңылау байқалмайды — бәрі мұқият үйлестірілген. Пернетақта да жарықтандыру жүйесімен жабдықталған, сондықтан жарығы жеткіліксіз жерде де еркін жұмыс істеп, ойын ойнауға қолайлы.

Пернетақтаның көлемі кең, пернелері ірі әрі қолайлы орналасқан. Әр басқан сайын саусақтың астынан елеусіз ғана сыбыр естіліп, жұмыс істеуге немесе ойынды ыңғайлы басқаруға жағдай жасайды. Пернелердің арақашықтығы дәл есептелген, сондықтан ұзақ уақыт тергенде де қол шаршамайды. Рас, кейбір таңбалардың орналасуы кәдімгі үстел үсті компьютер пернетақтасынан сәл өзгеше. Алайда оған бейімделу көп уақыт алмайды.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

Ноутбуктың үлкен әрі сезімтал тачпады пернетақтаның төменгі бөлігінде орналасқан және сәл солға қарай ығысқан. Бұл өз кезегінде оң қолымен жұмыс істейтіндерге ерекше ыңғайлы мүмкіндік береді.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал


ROG Strix SCAR 18
құрылғысының экраны да оның басты артықшылықтарының бірі ретінде саналады.

Ең алдымен, экран көлемі — 18 дюйм. Бұл – сапарға немесе іссапарға алып жүруге ыңғайлы ноутбук үшін айтарлықтай кең. Экранның ажыратымдылығы — 2.5K (2560 × 1600 WQXGA), жаңарту жиілігі — 240 Гц, жауап беру уақыты — 3 мс. Мұндай көрсеткіштер ойынды да, жұмысты да барынша ыңғайлы етеді.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

Екіншіден, жаңартылған ROG Nebula HDR матрицасы мен шағын жарықдиодты технологиясының арқасында бейнелер айқын әрі шынайы көрінеді. DCI-P3 түс кеңістігін пайдаланатын бұл экран кең ауқымды түстерді береді, ол кинотеатрларда қолданылатын жоғары деңгейлі стандарт болып табылады. Осылайша, түстер жарқын әрі нақты болып, ойындар мен фильмдерде табиғи көрініс қалыптасады. Қара түстің сапасын жақсартатын 2000-нан астам аймақтық жарықтандыру жүйесі жарық пен көлеңкенің нақты шекараларын анықтап, бейнеге тереңдік қосады.

Үшіншіден, дисплей Pantone Validated сертификатына ие, бұл оның түстерді дәл көрсету деңгейін растайды.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

Бұл технологияда түрлі суреттерді шынайы әрі жарқын етіп көрсету үшін барлық технологиялық жаңалықтар біріктірілген. Мұндай экран тек ойыншыларды ғана емес, шығармашылық адамдарын да таңқалдырары сөзсіз.

Дыбыс сапасы

Ойын ойнағанда немесе бейнематериалдарды көргенде дыбыстың маңызы зор. Бұл тұрғыдан алғанда, ROG Strix SCAR 18 өз мүмкіндіктерін толық көрсетеді. Интеллектуалды күшейткіш, Dolby Atmos® жүйесі және Hi-Res Audio жоғары сапалы дыбыс форматы студиялық жазбалардың ең нәзік қырларын анық сезінуге жол ашады.

Сонымен қатар, екіжақты интеллектуалды шуды азайту технологиясы дыбысты барлық жиілікте терең әрі анық жеткізіп, қатты дыбыс деңгейінде де бұрмалануына жол бермейді.

Қосылғыш құрылғылар мен камералар

Ноутбуктың алдыңғы бетінде, дәлірек айтқанда, экранның дәл үстінде 1080P FHD ИК камерасы орналасқан. Бұл камера Windows Hello функциясымен және камераның жұмыс істеп тұрғанын көрсететін индикатормен жабдықталған. Ал оң және сол жақ бөліктерде, микрофондар орналасқан.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

Көптеген ноутбуктердегідей, ROG Strix SCAR 18 үлгісінде де қосқыштар құрылғының оң және сол жақ қапталдарына орналастырылған.

Сол жағында қуат көзінің ұясы, желілік порт (Ethernet), HDMI қосқышы, USB 3.2 порты, Power Delivery технологиясы бар Thunderbolt 5 порты және құлаққап пен микрофонға арналған аудио ұясы орналасқан.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

Оң жақ қапталда екі USB 3.2 қосқышы орналасқан.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

ROG Strix SCAR 18 ноутбугында түрлі құрылғыларды қосуға арналған қосқыштардың мол болуы оны кез келген ойын экожүйесіне оңай біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе ойын сүйер қауымға ұнайтыны сөзсіз.

Сонымен қатар, құрылғының желдету тесіктері тек артқы бетінде ғана емес, бүкіл төменгі бөлігінде де орналасқан. Бірақ бұл туралы сәл кейінірек тоқталамыз.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

Енді ноутбуктің ең маңызды құрылымына тоқталайық.

Процессор

ROG Strix SCAR 18 жоғары өнімді Intel® Core™ Ultra 9 275HX процессорымен жабдықталған. Бұл — Arrow Lake архитектурасына негізделген және ойындар үшін әзірленген жоғары деңгейлі мобильді процессорлардың бірі. Процессор 24 ядродан тұрады: олардың 8-і жоғары өнімділікке арналған (жұмыс жиілігі 5,4 ГГц-ке дейін), ал қалған 16-сы — энергияны үнемдейтін ядролар (жұмыс жиілігі 4,6 ГГц-ке дейін).

Графикалық ядро

Ноутбуктерге арналған ең үздік NVIDIA® GeForce RTX™ 5090 графикалық картасы ойындағы бейнелердің кадр жиілігін арттырып, динамикалық көріністердің барынша шынайы әрі тегіс болуын қамтамасыз етеді. Осының арқасында ойын кезіндегі көркем эффектілер жанданып, толық әсер береді.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

Бағдарламалық қамтамасыз ету

Windows 11 Pro

Жады

ROG Strix SCAR 18 64 ГБ жедел жадпен жабдықталған, бұл ойын ойнауға және көп тапсырмалы жұмыс істеуге жеткілікті.

Сондай-ақ, 2 ТБ SSD (қатты диск) бар. Бұл көлем маңызды ақпаратты сақтау үшін жеткілікті орын береді.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

Салқындату жүйесі

Ноутбуктың салқындату жүйесінде инновациялық шешімдердің кешені қолданылған, оның арқасында CPU және GPU жылу қуаты 255 Вт-қа дейін жеткізілген.

Бұл нәтижеге қалай қол жеткізілді? Испарциялық камераның көлемі айтарлықтай ұлғайтылып, оның пішіні аналық тақтаның өлшемдеріне сәйкес келетіндей етіп жасалған. Ал испарциялық камера екі радиатор секциясының арасында орналастырылған, олар оны үстінен және астынан суытады.

Вентиляциялық саңылау артқы панельдің толық ені бойынша кеңейтілген. Орталық және графикалық процессорлар үшін сұйық металл негізіндегі термоинтерфейс қолданылады.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

Жылу бөлу тиімділігі жаңартылған ауа ағыны жүйесі арқылы жақсартылған. Енді ауа бүйір және төменгі панельдерден ғана емес, сонымен қатар пернетақта панелінен де корпусқа еніп, салқындату процесін барынша тиімді етеді. Бұл ээ ойын кезінде ерекше жайлылық сыйлайды.

Салқындату процесі “Турбо” өнімділік режимінде де еш кедергі келтірмей жұмыс істейді. . Көптеген басқа модельдерден айырмашылығы,олар ызылдамай, тек жеңіл желдің үнімен жұмыс істейді.

Сонымен қатар, ноутбукты шаңнан қорғау үшін арнайы сүзгілер орнатылған. Бұл сүзгілер құрылғының ішкі бөліктерін қорғай отырып, оның ұзақ уақыт бойы тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Аккумулятор

ROG Strix SCAR 18 ноутбукінде 90 Вт·с батареясы орнатылған. Мұндай аккумулятор бірнеше сағат бойы ойын ойнауға немесе жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

Жинақта қуаты 380 Вт болатын қуат адаптері бар. Адаптер ауыр болғанымен, аккумуляторды жылдам қуаттауға мүмкіндік береді.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

Тағы бір керемет мүмкіндік! Ноутбуктың құрамын жаңарта аласыз.

ROG Strix SCAR 18 ойын ноутбугы енді кәдімгі дербес компьютер сияқты құрамдас бөлшектерін жаңартуға мүмкіндік береді.

Төменгі панельдің бұрандасыз жасалған құрылымы құрылғыны жаңартуды бұрынғыдан да жеңілдетеді. Панельді ашу үшін шағын тұтқаны сырғытып, төмен тартып қалсаңыз жеткілікті. Бір қимылмен ашылғаннан кейін SSD мен жедел жад ұяшықтарына қол жеткізе аласыз.

Сонымен қатар, ROG ноутбугінің аналық тақтасында бұрын тек дербес компьютерлерде қолданылған арнайы Q-latch бекіткіштері пайда болды. Бұл жаңа шешімнің арқасында енді SSD жинақтағышын орнату үшін ешқандай құрал қажет емес.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

Енді әрбір қолданушы жүйенің маңызды бөліктеріне қол жеткізіп, оны қауіпсіз түрде тазалап, жаңарта алады. Арнайы қорғаушы пластина орнатылған, ол басқа компоненттердің зақымдануына жол бермейді, әрі жаңартылатын модульдердің орнын айқындап көрсетеді.

Ал, тәжірибелі пайдаланушылар үшін, бұрандаларды ағытып, пластинаны алып тастап, аналық тақтаға толық қол жеткізу өте оңай.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал
ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал
ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал
ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал
ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал
ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал
ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал
ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал
ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

Ойындар туралы

ROG (Republic of Gamers) сериясындағы құрылғылар мен компоненттер геймерлер арасында жоғары бағаланады. Бұл өнімдер оверклокинг бойынша жүздеген рекорд орнатқан. Аналық тақталар мен видеокарталар, стационарлы компьютерлер мен ноутбуктар, мониторалар мен дыбыстық құрылғылар және басқа перифериялық құрылғылар – барлығы да ең жоғары деңгейдегі геймерлік өнімдер ретінде танылған.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

Сақтандыру пакеті

Ноутбуктері әлемге танымал ASUS бренді өз пайдаланушыларына ерекше ұсыныс жасайды. Егер сіз ASUS, ROG немесе TUF ноутбугін 2025 жылдың 31 наурызына дейін сатып алсаңыз, сізге кездейсоқ зақымданудан қорғау пакеті (ADP) бір жылға тегін ұсынылады. Бұл пакет құрылғыны кездейсоқ физикалық зақымдардан қорғайды, сонымен қатар стандартты кепілдікті айтарлықтай кеңейтеді. Қорғаныс пакетін қосу үшін жаңа ноутбугыңызды ASUS ресми сайтына тіркеп, сатып алғаныңызды растайтын түбіртекті 90 күн ішінде жүктеу қажет.

Жалпы қорытынды

ROG Strix сериясы өзінің жоғары өнімділігі мен тиімді салқындату жүйесімен танымал. Ал ROG Strix SCAR 18 2025 моделі бұл дәстүрді сәтті жалғастырып, жаңа деңгейге көтереді. NVIDIA® GeForce RTX™ 5090 бейнемақсаты, Intel® Core™ Ultra 9 275HX процессоры, ерекше салқындату жүйесі, 18 дюймдік дисплейі, 64 ГБ жедел жады мен 2ТБ SSD, көптеген порттар және ең бастысы, компоненттерді жаңарту мүмкіндігі — бұл ноутбукты кез келген жоғары деңгейдегі тапсырмаларға лайықты етіп жасайды.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

ROG Strix SCAR 18 2025 моделі жоғары өнімділік пен жаңашылдықты біріктіріп, ойыншылар мен шығармашылық мамандық иелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырады.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

Бұл ноутбук қуатты процессор мен бейнемақсаттан бастап, салқындату жүйесі мен жаңартуға болатын мүмкіндіктерге дейін барлығын ұсынады.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал

Сәнді әрі функционалды дизайн, кең экран мен жақсы порттар саны оны ұзақ уақыт бойы пайдалануға ыңғайлы етеді. ROG Strix SCAR 18 – қазіргі заманның талаптарына толық жауап беретін, тиімді әрі сапалы құрылғы.

ROG Strix SCAR 18: Ойын мен шығармашылыққа арналған қуатты құрал