Қытайдың ірі технологиялық компаниясы Tencent Holdings әзірлеген Hunyuan-T1 атты жасанды интеллект моделін ресейлік мамандар сынақтан өткізіп көрді. Бұл жүйе қазіргі уақытта WeChat мессенджерінде шектеулі мүмкіндікпен пайдаланушыларға ұсынылып отыр. Жақында Hunyuan-T1 моделіне қандай жаңартулар енгізілетіні мәлім болды
Біріншіден, жүйе күрделі сұрақтарды сараптап, көп деңгейлі диалогтарды талдай алатын қабілеті арқылы әңгіменің мазмұнын тереңірек түсіне бастайды. Бұл – адамның ой желісін үзбей, сауатты тілдесуге жол ашатын маңызды қадам.
Екіншіден, Hunyuan-T1 нақты уақыттағы ақпаратпен жұмыс істей алады. Ол үшін жүйе заманауи дереккөздермен біріктіріледі. Бұл – әсіресе мамандандырылған салалар үшін маңызды мүмкіндік.
Үшіншіден, мультимедиалық мүмкіндіктері кеңейтіледі: жүйе сурет, дыбыс пен видеоны бірдей таниды. Бұл – қолданушы мен жүйе арасындағы байланысты анағұрлым еркін әрі ыңғайлы етеді.
Сонымен қатар, киберқауіпсіздікке баса назар аударылады. Модель енді зиянды контенттен қорғанып, заңнамалық талаптарға икемделе түседі. Әзірлеушілер енді жасанды интеллектіні нақты бір салаға икемдеп, өз талаптарына сай баптай алады. Мұндай жаңартулар жүйенің тұрақтылығы мен сенімділігін арттырады.
«Hunyuan-T1 неге DeepSeek-тің басты қарсыласы саналады? Мұнда тек технология емес, екі компания арасындағы маркетингтік құралдар да маңызды рөл атқарып отыр», — дейді T. Hunter ақпараттық зерттеулер бөлімінің жетекшісі Игорь Бедеров.
Оның айтуынша, Tencent өз моделін қытай тіліне барынша бейімдеп жасаған — Hunyuan-T1 идиома, мәдени ерекшелік, тіпті жергілікті сленгті де оңай түсінеді. Ал DeepSeek күші жағынан мықты болғанымен, мұндай нақты тілдік ерекшеліктерде әлсіздеу болуы мүмкін.
Мақала “Известия” басылымы жариялаған ақпаратқа сүйеніп жазылған.