Home Электроника Компьютерлер,ноутбуктер мен планшеттер ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем

58

Сәлем оқырман!

Қазіргі цифрлық дәуірде тиімділік пен ыңғайлылық басты орында. Егер сіз бір уақытта бірнеше тапсырманы қатар атқаруға дағдыланған жан болсаңыз, экран кеңістігінің қаншалықты маңызды екенін жақсы білесіз. Мысалы, сіз жаңа жобаға кірісіп, дизайн концепттерін әзірлеп, анықтамалық материалдарды ақтарып, әлеуметтік желіде хат алмасып отырсыз. Бірақ мұның бәрін бір ғана экранға сыйдыру мүмкін емес – қажет құралдарды жиі ауыстырып отыру жұмыс процесін тежейді.

Ал егер ноутбукте қосымша дисплей болса ше? Негізгі экран жүктемеден босап, барлық қажетті құралдар әрдайым қол астыңызда орналасады. Дәл осы тәсілді ASUS жаңа Zenbook DUO 2025 үлгісінде жүзеге асырды. Бұл ноутбук жұмыс, шығармашылық және демалыс кеңістігін екі есеге кеңейтеді. Бірақ оның артықшылығы тек қосымша экранмен шектелмейді.

ASUS құрылғы корпусын жаңғыртып, салқындату жүйесін жетілдірді, техникалық қуатын арттырып, эргономика мен дизайнда күтпеген жаңалықтар ұсынды. Бұған дейін кейбіреулер “Екінші экран кімге керек?” деп күмәнданса, 2025 жылы бұл сұрақтың жауабы анық: қосымша дисплей – уақыт үнемдеудің, құралдарды оңай басқарудың және өнімділікті арттырудың тамаша тәсілі.Соған қарамастан, Zenbook DUO 2025 ықшам, жеңіл және сапарлар мен іскерлік кездесулерге әлі де ыңғайлы болып қала бермек.

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем

Алдымен құрылғының дизайны мен эргономикасына тоқталамыз, содан кейін экрандарын зерттеп, процессор мен видеокартаға көз жүгіртеміз. Сондай-ақ өнімділігі мен салқындату жүйесі, құрылғыдағы қосқыштар жиынтығы мен бағдарламалық жасақтамасының ерекшеліктерін қарастырамыз. Соңында жалпы қорытынды жасап, мұндай ноутбук кімге лайық екенін анықтаймыз. Онда бастайық!

Дизайн туралы

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем

Кейбір құрылғылар жоғары өнімділігімен таңғалдырса, енді бірі дизайнының әсемдігімен көз тартады. Ал Zenbook DUO (UX8406CA) осы екі қасиетті бірдей үйлестіре білген. 313 × 218 мм өлшемі шағын көрінгенімен, 14,6–19,9 мм қалыңдығы мен 1,35–1,65 кг салмағының ішінде озық технологиялардың тұтас жиынтығы бар.

Inkwell Gray реңкі құрылғыға ерекше сән беріп, жарыққа байланысты оның түсі қою сұрдан қара түске дейін өзгеріп тұрады. Бұған қоса, ноутбуктің жинақы пішіні оны кез келген жағдайда ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді.

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем

Zenbook DUO ыңғайлы қосқыштар жиынтығымен жабдықталған. Оң жақта HDMI 2.1 және стандартты 3,5 мм аудиоұяшығы, сол жақта USB 3.2 Gen 1 Type-A және USB Type-C (Thunderbolt 4) қосылымдары орналасқан.

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем

Бұл интерфейс ерекше назар аударуға лайық. Ол құрылғыны жылдам қуаттап қана қоймай, секундына 40 Гбит-ке дейінгі деректерді тасымалдауға және қосымша мониторларды қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, екі 4K дисплейін немесе бір 8K экранын қатар жалғауға болады. Кейбір пайдаланушыларға кіріктірілген жад карта оқығыштың болмауы қолайсыздық тудыруы мүмкін. Дегенмен, бұл мәселені Thunderbolt 4 арқылы оңай шешуге болады.

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем

Zenbook DUO-ның басты ерекшеліктерінің бірі – магнитті механикалық пернетақта. Ол төменгі экранға сенімді бекітіліп, корпустағы алты арнайы байланыс нүктесі арқылы деректерді тасымалдап, пернетақтаға қуат береді. Бұл шешім ноутбуктың ықшам әрі ыңғайлы болуына ықпал етіп, жұмысты барынша өнімді етеді.

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем
ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем

Zenbook DUO тек көпфункционалды ноутбук қана емес, толыққанды жұмыс станциясы. Егер сымдармен шектелгіңіз келмесе, пернетақтаны Bluetooth режиміне ауыстырып, кіріктірілген батареяны қолдануға болады. Оның бүйіріндегі USB Type-C косылымы арқылы қуаттап, арнайы қосқышпен қажетті режимді таңдауға мүмкіндік бар.

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем
ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем

Жұмыс процесін барынша ыңғайлы ету үшін пернелердің басылу тереңдігі дәл есептелген – олар жеңіл басылса да, әр басқан сайын нақты сезіледі. Ықшам пернетақта ұзақ мәтін теруге қолайлы, ал үш деңгейлі артқы жарықтандыру қараңғыда да жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасайды. Сенсорлық тақта да назар аударуға лайық: 130 × 75 мм өлшемімен, олеофобты жабынымен және механикалық батырмаларымен дәлдік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.

Жаңа деңгейдегі экран мүмкіндіктері

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем

Zenbook DUO (UX8406CA) — қос ASUS Lumina OLED экраны бар инновациялық ноутбук. 14 дюймдік екі бірдей дисплей 16:10 форматында жасалған, олардың әрқайсысы 3K (2880×1800) ажыратымдылыққа, 120 Гц жаңарту жиілігіне және 0,2 мс жауап беру уақытына ие. Негізгі жарықтығы 400 кд/м² болса, ең жоғары мәні 500 кд/м²-ге дейін жетеді. 1 000 000:1 деңгейі мен DisplayHDR True Black 500 сертификаты кез келген кадрды терең реңктермен, анық көрініспен және шынайы түстермен жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұл тек сандар ғана емес – бұл кескіннің керемет анықтығы мен шынайылығы. Түстердің дәлдігі Pantone Validated сертификатымен расталып, ΔE < 1 деңгейінде сақталған. Яғни, екі экрандағы бейнелер барынша табиғи көрінеді. DCI-P3 түс кеңістігінің 100%-дық қамтылуы мен түрлі түстік профильдерге (sRGB, DCI-P3) ауысу мүмкіндігі бұл ноутбукті дизайнерлер, фотографтар мен видео өңдеушілер үшін тамаша таңдау етеді.

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем

ASUS инженерлері пайдаланушының жайлылығы мен көз саулығын басты назарға алды. OLED панельдері көгілдір жарықты 70%-ға дейін төмендетеді (TÜV Rheinland, SGS сертификаттарымен расталған), сондықтан ұзақ уақыт жұмыс істегенде көзге түсетін жүктеме айтарлықтай азаяды. Сонымен қатар, пиксельдерді ауыстыру технологиясы мен MyASUS скринсейвері экранның қызмет ету мерзімін ұзартуға көмектесіп, күйіп кету қаупін төмендетеді.

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем

Жоғары беріктігімен ерекшеленетін Corning Gorilla Glass әйнегі экрандарды сенімді қорғайды. Ал ASUS Pen стилусының 4096 деңгейлі қысым сезгіштігі дисплейлерді ыңғайлы шығармашылық алаңға айналдырады: сурет салу, қолмен жазу немесе визуалды материалдарды өңдеу бұрынғыдан да жеңілдейді. Екі дисплейдің үйлесімді жұмысы құрылғының мүмкіндігін кеңейтіп, оны барынша жан-жақты етеді. Жоғарғы экран негізгі тапсырмалар мен бейнелерді қарауға арналса, төменгі экран қосымша құралдар, чат, трансляция немесе эскиздер жасау үшін ыңғайлы. 120 Гц жаңарту жиілігі мен Tru2Life технологиясы динамикалық көріністердің де бірқалыпты әрі анық көрсетілуін қамтамасыз етеді. Ал экранның корпустағы үлесі 93%-ға жетіп, көру аймағын кеңейтіп, шынайы бейнелеу әсерін сыйлайды.

Тиімділікті арттыратын сценарийлер

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем

ASUS Zenbook DUO 2025 тек екі OLED-экранымен ғана емес, олардың мүмкіндіктерімен де ерекшеленеді. Bluetooth-клавиатура төменгі экранды толығымен босатып, құрылғыны екі толыққанды дисплейі бар жұмыс алаңына айналдырады. Жоғарғы экранда негізгі қосымшалар (код өңдегіш, графикалық бағдарлама немесе құжаттар) ашық тұрса, төменгі экранда анықтамалық материалдар, чат, браузер немесе қосымша құралдар орналасуы мүмкін. Бұрынғыдай терезелер арасында ауысып уақыт жоғалтудың қажеті жоқ – көзқарасты бір экраннан екіншісіне жылжыту жеткілікті.

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем

Виртуалды пернетақта – Zenbook DUO-ның ерекше мүмкіндіктерінің бірі. Бұл режимде алынбалы пернетақта шетке қойылып, төменгі экран толыққанды сенсорлы пернетақтаға айналады. Қосымша құрылғылар қоспай-ақ, күнделікті жұмысты ыңғайлы атқаруға болады. Әсіресе, жолда жүргенде немесе жұмыс кеңістігін үнемдегіңіз келгенде өте қолайлы. Төменгі экран тек пернетақта қызметін ғана емес, қосымша ақпарат көрсететін алаң ретінде де қолданылады: бір бөлігін пернелерге арнап, қалғанына мессенджер, аудиоплеер немесе жазбалар терезесін орналастыруға мүмкіндік бар.

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем

Іскерлік кездесулерде Zenbook DUO өзінің ықшам әрі функционалды дизайнымен ерекшеленеді. Қос экраны барлық қатысушыларға бірдей көрінеді, бұл – презентация жасау кезінде үлкен артықшылық. Жоғарғы экранға негізгі материалды шығарып, төменгі дисплейде ескертпелер мен маңызды тезистерді ұстауға болады. Бұл тәсіл ақпаратты қабылдауды жеңілдетіп, әріптестеріңіздің назарына қажет мәліметті ұсынуға көмектеседі. Ал ноутбукті дәстүрлі форматқа қайтару үшін алынбалы пернетақтаны төменгі экранға бекітіп, оны толыққанды 14 дюймдік ноутбукке айналдыруға болады.

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем

Ноутбукті классикалық үлгіде қолданғыңыз келсе, Bluetooth пернетақтасы мен тачпадты орнына орналастырып, 16:10 форматындағы 14 дюймдік экранмен ыңғайлы жұмыс кеңістігін қалыптастыруға болады. Бұл әсіресе мәтін теру немесе дәстүрлі ноутбук режимінде жұмыс істеу қажет болғанда аса қолайлы шешім.

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем

ДК режимі – жылдам ақпаратқа қол жеткізуді бағалайтын мамандар үшін таптырмас шешім. Бағдарламашы жоғарғы экранда код жазу ортасын ашып, төменгі дисплейде қажетті құжаттаманы немесе анықтамалық материалдарды орналастыра алады. Жазушы негізгі мәтінмен жұмыс істеп отырып, астына қосымша жазбалар мен қарапайым сызбаларды енгізе алады. Ал журналист маңызды дереккөздер мен сілтемелерді бірден көз алдында ұстап, ақпаратпен жедел жұмыс істей алады. Мұндай икемділік өнімділікті арттырып, жұмыс барысын жеңіл әрі тиімді етеді.

Нәтижесінде, Zenbook DUO қарапайым мақала жазудан бастап, кең аудиторияға арналған ауқымды презентацияға дейін әртүрлі жағдайларға икемделе алады. Әрбір режимде құрылғы жаңа қырынан танылып, мүмкіндіктерін барынша көрсетеді.

Техникалық сипаттамалары мен автономдылығы

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем

Енді ең қызықты бөлікке – Zenbook DUO (UX8406CA) құрылғысының техникалық мүмкіндіктеріне тоқталайық.

Zenbook DUO-ның өзегі – Intel Core Ultra 9 285H процессоры. Ол Arrow Lake архитектурасына негізделген және 16 ядродан тұрады: 6 ядро 5,4 ГГц жиілікте, 8 ядро 4,5 ГГц жиілікте жұмыс істейді, ал 2 энергоүнемді ядро 2,5 ГГц жиілікте тапсырмаларды аз энергия шығынымен орындайды. Процессор құрамына кіретін AI Boost NPU (13 TOPS, Int8) жасанды интеллектке байланысты есептеулерді бұлттық серверлерге жүгінбей-ақ, жергілікті түрде өңдейді. Сонымен қатар, ол құрылғының автономды жұмыс уақытын шамамен 50%-ға ұзартады. 35–45 Вт аралығындағы TDP деңгейінде LPDDR5/x-8400 немесе DDR5-6400 жедел жадысын қолдайды.Графикалық процессор ретінде жүйеге кіріктірілген Intel Arc 140T (8 Xe ядросы, 2,35 ГГц-ке дейін) пайдаланылады. Бұл GPU графикалық өңдеулер мен визуализацияның орташа күрделіліктегі тапсырмаларын тиімді орындайды.

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем
ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем
ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем
ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем
ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем
ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем
ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем
ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем
ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем

Нағыз икемділік– құрылғының шағын болуымен ғана өлшенбейді, ол кез келген жерде, кез келген уақытта, тоқ көзінен тәуелсіз жұмыс істеу мүмкіндігімен анықталады. Zenbook DUO қай жерде болмасын сіздің сенімді серігіңіз бола алады.

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем

Ұзақ уақыт бойы жұмыс істеу қабілетінің негізінде 75 Вт·сағ сыйымдылығы бар қуатты аккумулятор жатыр. Бір экранды пайдаланғанда ноутбук 13 сағатқа дейін, ал екі дисплейді қатар қосқанда 10 сағатқа дейін автономды жұмыс істей алады. Ал егер батарея таусылып қалса, небәрі 49 минут ішінде қуаты 60%-ға дейін толтырылады. Бір шыны кофе ішкенше немесе басқа іске көңіл бөлгенше, ноутбук қайта іске қосылуға дайын болады.

Ең бастысы – қуаттау мүмкіндігі шектеусіз. Қол астында түпнұсқа адаптер болмаса да, мәселе туындамайды: ASUS Zenbook DUO 100 Вт Power Delivery технологиясын қолдайды, яғни оны сыртқы аккумулятордан, смартфон зарядтағышынан немесе USB-C қосылымы бар әмбебап адаптерден қуаттауға болады.

Сонымен қатар, батарея тек бір күн емес, ұзақ жылдар бойы сенімді қызмет етеді. Оның төзімділігі 1200 қуаттау цикліне дейін жетеді, бұл алдыңғы буын ноутбуктарымен салыстырғанда 20%-ға ұзақ мерзімділік береді.

ASUS  Zenbook DUO (UX8406CA) ерекшіліктері

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем
  1. ASUS IceCool: Жоғары өінімділік пен жайлылықтың үйлесімі

Бір жағынан, процессор мен графикалық жүйе өз мүмкіндіктерін толық пайдалана алуы керек. Екінші жағынан, құрылғының даусы ұшақтың гүріліне айналмай, корпусы алақанды күйдірмейтіндей болуы шарт. Осы тепе-теңдікті сақтау үшін Zenbook DUO ASUS-тың IceCool салқындату жүйесімен жабдықталған. Ол қызып кетудің алдын алып, шуды барынша төмендетіп, құрылғыны пайдалануды жайлы ете отырып, үш негізгі міндетті шешеді.

Ноутбуктың ішінде температура арнаулы жүйе арқылы реттеледі. Бірнеше жылу құбыры мен желдеткіштер ыстық ауаны құрылғының маңызды бөлшектерінен алшақтатып, тиімді салқындатуды қамтамасыз етеді. Әсіресе, пайдаланушының алақаны тиетін аймақтардың температурасын төмен ұстап тұруға ерекше мән берілген.

Процессордың тұрақты әрі жоғары өнімділікпен жұмыс істеуі үшін Thermal Grizzly сұйық металдан жасалған термоинтерфейс қолданылады. Ол кәдімгі термопасталарға қарағанда жылуды әлдеқайда тез таратады. Нәтижесінде, процессор қызып кетпей, жүктеме кезінде де қуатын толық пайдалана алады.

Жылу құбырларымен қатар, жүйеде булану камерасы қолданылады. Оның ішіндегі арнайы сұйықтық температура көтерілгенде буланып, кейін қайта қоюланады. Бұл процесс жылуды біркелкі таратып, жүйенің тез қызып кетуінің алдын алады. Булану камерасы жылу құбырларына ұқсас жұмыс істегенімен, температураның күрт көтерілуіне тез бейімделіп, салқындату тиімділігін арттырады.

MyASUS бағдарламалық жүйесі

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем

MyASUS – құрылғыны баптау, бақылау, жаңарту және техникалық қолдау алу мүмкіндіктерін біріктірген кешенді жүйе. Оның ішінде ноутбук жұмысына қажет көптеген пайдалы құралдар бар:

Қуат көзін басқару – батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға немесе тез қуаттауға мүмкіндік беретін түрлі таңдаулар ұсынылған.

Салқындату жүйесінің жұмысы – ноутбугыңызды барынша тыныш күйде пайдалану немесе толық қуатта іске қосу өз қолыңызда. Бір рет басу арқылы тиімділікті өзіңіз реттей аласыз.

Көзді қорғау және экранның ұзақ қызмет етуін қамтамасыз ету – бұл жүйе дисплейдегі кескін сапасын сақтап, көру қабілетіне түсетін салмақты жеңілдетеді.

Көрсету сапасын баптау – түстердің анықтығын арттырып, бейнені жаңарту жылдамдығын өзгертуге болады.

Интернет желісін оңтайландыру – ноутбук деректерді қай қолданбаға басымдықпен тарату керегін өзі шешеді және қолжетімді желілердің ішінен ең тиімдісін таңдайды.

Микрофон дыбысын тазарту – қажетсіз дыбыстарды жойып, дауысты таза әрі анық жеткізуге көмектеседі.

Дыбыс сапасын реттеу – музыка тыңдағанда немесе бейнеқоңырау кезінде дауысты барынша табиғи әрі үйлесімді етуге мүмкіндік береді.

Перне мен сенсорлы тақта баптауы – қимылдарды өз қалауыңызша өзгертіп, пернелердің қызметін ыңғайыңызға қарай реттей аласыз.

ASUS пайдаланушы жүйесі – тағы бір ыңғайлы мүмкіндік. Тіркелу арқылы барлық ASUS құрылғыларын бір жерден басқарып, жаңартуларды уақытылы алып, техникалық қолдау қызметіне жүгініп, кепілдікті кеңейте аласыз.

«ASUS қолданбалары мен арнайы ұсыныстар» бөлімінде қосымша қызметтерді (ScreenXpert, GlideX, ASUS Switch) жүктеп, Adobe, Dropbox, McAfee LiveSafe, NordVPN сияқты танымал сервистерді тиімді бағамен пайдалануға болады. Яғни, ASUS цифрлық жүйесінің барлық мүмкіндіктері бір орталыққа жинақталған: қажетті қосымшаларды орнатып, тиімді ұсыныстардан құр қалмаңыз!

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем

ASUS Zenbook DUO 2025 – ешқандай шектеусіз жасалған құрылғы. Ол ықшам, қуатты, ұзақ уақыт автономды жұмыс істейді әрі аса қолайлы. Бірақ, әрине, бағасы да соған сай.Бұл – сізге бейімделетін ноутбук. Ол икемді, ыңғайлы және кез келген мақсатқа дайын: графикамен жұмыс, бағдарлама жазу, бейнемонтаж немесе көп міндетті кеңсе жұмыстары. Классикалық ноутбукпен салыстырғанда әлдеқайда кең мүмкіндіктер ұсына отырып, өз салмағы мен тасымалға ыңғайлылығын сақтайды.

Zenbook DUO – жай ғана құрылғы емес, әрдайым жаныңызда жүретін нағыз жұмыс станциясы.

ASUS Zenbook DUO 2025: жұмыс пен шығармашылық үшін жаңа өлшем