Home Аналитика Цифрлық технологиялар жол апатын азайта ала ма?

Цифрлық технологиялар жол апатын азайта ала ма?

68

Үкімет басшысы Олжас Бектенов қыс мезгілі мен ауа райы қолайсыз болған жағдайда жол-көлік оқиғаларын азайту үшін әлемдік озық тәжірибені қолдануды тапсырды.

«Жолдардағы жағдай туралы жүргізушілерге уақытылы ескерту жасау үшін цифрлық шешімдерді қолдану қажет. Радиоарналар мен әлеуметтік желілерді пайдалану керек. Қауіпті жерлерде электронды тақталар мен уақытша жол белгілерін орнату керек. Жаппай жол апаттарының алдын алу үшін Министрліктерге нақты алгоритмдерді енгізуді тапсырамын», – деп атап өтті үкімет басшысы.

Сонымен қатар, ол e-Zholdary цифрлық платформасын әзірлеу жұмыстарының басталғанын еске салды.

«Бұл платформа республикалық, жергілікті және қалалық жолдардың жай-күйін бақылауға мүмкіндік береді. Министрлікке осы платформаны пилоттық режимде ағымдағы жылдың соңына дейін енгізуді қамтамасыз етуді тапсырамын. Отандық IT-компаниялар автожол саласын дамытуға, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, рәсімдерді оңайлатуға және ең бастысы, логистика саласында тиімді басқаруды қамтамасыз етуге белсене қатыса алады. Сондықтан, Министрлікке екі айдың ішінде нарықтағы барлық цифрлық қызметтерді тексеріп, оларды кеңінен енгізуді қамтамасыз ету қажет», – деп түйіндеді Бектенов.