Home Технологиялар Ғаламтор және желі Ресей ЕАЭО елдеріне арзан интернет уәде етті

Ресей ЕАЭО елдеріне арзан интернет уәде етті

10

Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерін сапалы әрі қолжетімді интернетпен қамтамасыз ету жоспарын жариялады. Бұл туралы LS басылымы хабарлады.

Digital Almaty форумында сөйлеген сөзінде Мишустин келесі жылы Жердің жоғары эллипстік орбитасына төрт спутник ұшыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Бұл Ресей аумағы бойынша кең жолақты, жоғары жылдамдықты интернетті қолжетімді етуге мүмкіндік бермек.

“Одан кейін тағы бір жыл ішінде төмен орбиталы спутниктер жүйесінің негізі қаланады. Кейін олардың саны 300-ге жетіп, тек Ресейдің ғана емес, бүкіл ЕАЭО елдерінің жылдам, тұрақты әрі арзан интернетке деген сұранысын толық қамтамасыз етеді”, – деді ол.

Бекзада ИШЕКЕНОВА