Home Аналитика Жастардың цифрлық әлемі: Смартфондар, мобильді этикет және жаңа байланыс тәсілдері

Жастардың цифрлық әлемі: Смартфондар, мобильді этикет және жаңа байланыс тәсілдері

55

Қазіргі жастар үшін смартфон тек әмбебап құрылғы ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды. Өмірдің жайлы жағдайларын жасауға ұмтылған жастардың телефонды пайдалану мәдениеті өзгеріп келеді. Мобильді операторлар жаңа өзгерістерге бейімделіп, жаңа функциялар мен тарифтерді енгізуде.

Цифрлық трендтерді қалыптастырушылар

Жастар қазіргі цифрлық өзгерістердің басты қозғаушы күші — олар жаңа трендтерді қалыптастырып, технологиялардың даму бағытын анықтайды. Зумерлер қызықты идеяларды тез байқап, оларды жаппай құбылысқа айналдырады.

Оның жарқын мысалы — Telegram-дағы «атжалманды басу» вирусы. Бұл ойынның негізі қарапайым Hamster Kombat ойынына негізделген, онда атжалманның суретіне бірнеше рет басу арқылы виртуалды тиындар жиналады. Бірнеше күн ішінде бұл ойын жастар арасында танымал бола бастады, ал кейіннен ересектер де оған қосылды. Ойынның қарапайымдылығы мен қолжетімділігі оны кең аудитория арасында танымал етті.

Жастардың цифрлық әлемі: Смартфондар, мобильді этикет және жаңа байланыс тәсілдері

Жастармен бір толқында болу үшін өзгерістерге тез бейімделу маңызды. Бұл тек технологиялық шешімдерге ғана емес, мобильді этикетке де қатысты. Жаңа қарым-қатынас ережелері күнделікті әдеттерден туындайды — жауап беру жылдамдығы, хабарламалардың қысқалығы, эмодзи қолдану қағидаттары. Қарым-қатынас этикасы барынша сыпайылық сипатқа ие бола бастады: қоңырау шалуға қолайлы уақытты таңдай білу және әңгімелесушінің жеке шекараларын құрметтеу. Мұндай тәсіл цифрлық өмірдің ажырамас бөлігіне айналды.

Мобильді операторлар осы динамиканы ескере отырып, жаңа коммуникация түрлерін қолдайтын қызметтерді ұсынады. Мессенджерлерге шектеусіз қолжетімділік, байланыс қажеттіліктеріне бейімделген икемді тарифтер — осылардың бәрі пайдаланушыларға байланыста болуға ғана емес, өзін көрсетуге де мүмкіндік береді.

Жастардың цифрлық әлемі: Смартфондар, мобильді этикет және жаңа байланыс тәсілдері

Әрқашан байланыста

Қазіргі жастар үшін смартфон тек құрылғы емес, ол өздерінің күнделікті өмірін басқаруға арналған құрал. Әрқашан байланыста болу — қазіргі қалып. Жастар әңгімелесушінің жылдам жауап беруін күтеді, егер жауап берумен кешіксе – оны назар аудармау немесе әдейі елемеу деп қабылдайды.

Үнемі онлайн болу жаңа мінез-құлық түрін қалыптастырады. Тіпті, қазір көбі тамақ ішу кезінде, серуендеуде немесе демалғанда да телефоннан бір елі ажырамайды. Хабарламаларды тексеру автоматты әрекетке айналды, себебі болып жатқан барлық оқиғалардан хабардар болу негізгі қажеттілікке айналды. Телефон өміріміздің маңызды бөлігіне айналғаны соншалықты, ғаламтор желісіне қосылу мүмкіндігінің болмауы немесе телефон қуатының таусылуы көп адамда алаңдаушылық пен ыңғайсыздық сезімін тудырады.

Мессенджерлер телефон қоңырауларын ауыстырып, қарым-қатынас жасаудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынды. Бұл формат күнделікті іс-шараларды үйлестіру үшін өте ыңғайлы: хат алмасу арқылы жұмыс пен демалысты қатар алып жүруге болады. Мобильді операторлар осы өзгерісті уақытында байқап, оған сай қызметтер ұсына бастады. Мысалы, Yota операторы өз қалауыңыз бойынша тарифтерді реттеуге мүмкіндік беретін жүйені енгізді, ал пайдаланушылар өздері таңдаған көрсеткіштерін сайт арқылы өзгерте алады. Сонымен қатар, оператор ай соңында пайдаланылмаған минуттар мен гигабайттар үшін ақшаны қайтара алады. Мұндай тәсіл үнемшілдікке ұмтылатын зумерлер арасында үлкен сұранысқа ие.

Жастардың цифрлық әлемі: Смартфондар, мобильді этикет және жаңа байланыс тәсілдері

Смартфондар- біздің өміріміздің ажырамас бөлігі

Телефонның үнемі қолжетімді болуы қарым-қатынас жасау түрін айтарлықтай өзгертті. Қазіргі таңда біз және нақты хабарламалармен алмасамыз. Егер бұрын ұзақ монологтар мен телефон қоңыраулары қалыпты жағдай болса, қазір жастар тек қажетті ақпаратты жеткізіп, қосымша сұрақтардан, ұзақ әңгімелерден бас тартуға тырысады. Хабарламалар қысқа әрі нақты болуы тиіс, сонымен қатар эмодзи немесе гифкалар арқылы толықтырылуы мүмкін».

Психолог әрі ұйымдық кеңесші Полина Цветкова: «Біздің қарқынды өмірімізде кейде жалғыздық пен тыныштық қажет. Бұл жағдайда басқа адаммен қарым-қатынас жасаудан бас тарту орынды. Қоңырауларға жауап бермеу — адамдардың көп міндетті атқаруға тырысатындығын және өз уақытын үнемдеуге деген талпынысынан туындайды», — деп, өз пікірін қосты.

Технологиялар жаңа ырғаққа бейімделуде

Бұрын SMS хабарламалары мен телефон қоңыраулары негізгі байланыс құралы болса, қазір мессенджерлер мен әлеуметтік желілер басым болып отыр. Мобильді операторлар осы өзгерісті уақытында байқап, қызметтерін жаңартуда. Мысалы, Yota операторы өзінің тарифінде SMS хабарламаларды алып тастап, пайдаланушыларға ақша үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жастар арасында визуалды контентті қолдану кеңінен таралуда: эмодзи, гифкалар, стикерлер және мемдер — бұлар тек әңгімелерді сәндеу құралы емес, сонымен қатар сезімдер мен ойларды нақты және жылдам жеткізу тәсіліне айналды. Орнықты таңдалған стикер немесе сурет бір сөйлемнің орнын басып, әңгімені жеңіл әрі бейресми етеді. Дегенмен, эмодзи немесе стикерлердің шамадан тыс қолданудан да сақ болыңыз. Стикерлерді әңгіме желісіне сай ғана жіберген жөн.

Пандемия кезінде бейнеқоңыраулар танымал бола бастады, қазір олар тек жұмыс немесе оқу үшін ғана емес, жеке қарым-қатынас үшін де қолданылады. Әңгімелесушінің эмоциялары мен қимылдарын көру мүмкіндігі байланысқа тереңдік қосып, бір-бірін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.

Жастардың цифрлық әлемі: Смартфондар, мобильді этикет және жаңа байланыс тәсілдері

Мобильді операторлар жаңа технологияларға бейімделіп, визуалды коммуникацияны қолдау үшін арнайы қызметтер ұсынады. Олар интернет-трафик көлемін арттыру немесе мультимедиялық форматтармен белсенді жұмыс істейтін пайдаланушылар үшін арнайы ұсыныстар әзірлейді. Мұның бәрі уақытты үнемдеп қана қоймай, жарқын әрі мазмұнды қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Өмірдің ажырамас құралы

Смартфондар балалардың өміріне ерте енді. Ата-аналар балаларға мультфильмдер көрсету, дамытушы ойындар ойнауға немесе оларды тыныштандыру үшін телефонды пайдаланады. Бұл жағдай көбіне сынға алынғанымен, қазіргі уақытта бұл қалыпты жағдайға айналды.

Жастар өздерінің білімін мобильді қосымшалар арқылы жетілдіреді, онлайн-курстардан өтеді және жобаларды басқарады. Білім беру мекемелері де осыған сай өзгерістер енгізуде. Мектептер оқушылармен, мұғалімдермен және ата-аналармен байланыс үшін онлайн-күнделіктер мен чаттарды белсенді қолдана бастады. Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап сабақ кезінде телефон пайдалануға тыйым салынды, бұл телефонның өімірізге маңызды құралға айналғанын көрсетеді.

Болашақтағы қарым-қатынас

Мобильді этикет технологиялар дамыған сайын өзгеріп отырады. Байланыс операторлары жиі әмбебап шешімдерден нақты бір пайдаланушыға бейімделген тәсілдерге көше бастады, әртүрлі пайдалану сценарийлеріне сәйкес қызметтер ұсынады. Қызмет көрсету тәсілі икемді болуға бағытталған: тариф көрсеткіштерін таңдауға, негізгі қосымшалар үшін шектеусіз трафик алуға немесе кеңейтілген және виртуалды шындық функцияларын қосуға мүмкіндік бар.

Жастардың цифрлық әлемі: Смартфондар, мобильді этикет және жаңа байланыс тәсілдері

Жастар үшін қарым-қатынас форматы мен түрінің таңдалуы маңызды, сондықтан болашақ-тек жаңа құралдармен эксперимент жүргізуге дайын бизнеске тиесілі. Байланыс операторлары жаңа ұрпақтың өмір салтына сәйкес келетін тарифтер ұсынып, өзгерістерді пайдаланушылардың өз бастамасымен жүзеге асыруда.

Болашақта байланыс әлдеқайда жеке әрі ыңғайлы болмақ, ал қарым-қатынастың көптеген тұстары автоматтандырылып, пайдаланушының қатысуын қажет етпей қалуы мүмкін. Дегенмен, ең бастысы — байланыста адамдық және эмоциялық мәннің сақталуы, себебі дәл осы қасиеттер қарым-қатынасты қай жерде болса да шынайы құнды етеді.

Анастасия Михеева, АиФ