Home Технологиялар Ғаламтор және желі Астанада Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады

Астанада Халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады

25

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев халықаралық alem.ai жасанды интеллект орталығының концепциясын таныстырды.

Орталық 2025 жылы ашылады деп жоспарлануда. Жалпы ауданы 20 000 шаршы метрді құрайтын ғимарат ЭКСПО экожүйесіне интеграцияланады. Бұл орталық Қазақстандағы жасанды интеллект индустриясын дамытудағы маңызды тетікке айналып, ЖИ саласындағы зерттеулерді, өнімдер жасауды және инвестициялар тартуды қолдайды.

Орталықтың басты мақсаты – Қазақстанды жасанды интеллект технологияларын барлық экономикалық және қоғамдық өмір саласына енгізу арқылы инновацияларға бағытталған елге айналдыру. Alem.ai орталығы ғылым, өнеркәсіп, тың индустриялар және мемлекеттік қызметтер секілді негізгі салаларда жасанды интеллект технологияларын дамытуға басымдық береді. Сонымен қатар, ЖИ экожүйесін құру арқылы стартаптарды қолдауға және инвестицияларды тартуға ықпал етеді.

Астанадағы Халықаралық жасанды интеллект орталығының ашылуы Қазақстанның технологиялық және экономикалық дамуына серпін береді. 2029 жылға дейін отандық ЖИ-шешімдердің экспорты $5 млрд-қа жетіп, елорда Орталық Азиядағы ЖИ технологияларының жетекші орталығына айналады деп күтілуде.

Орталықтың негізгі жоспарлары:

  • Жыл сайын 10 000 маманды түрлі салаларға тарту;
  • Кемінде 1000 ИИ маманын даярлау;
  • 100 ИИ стартапын іске қосу;
  • 10 ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыру.

Орталықтың 1 қкбаты- форумдар мен ашық дәрістерге арналған қоғамдық кеңістік. Мұнда әзірлеушілер, студенттер, ғалымдар мен сарапшылар тәжірибе алмасып, ЖИ саласындағы жетістіктерін бөліседі. Сонымен қатар, ЖИ мұражайы, хакатондар, стартап байқаулары және жұмыс орындарының жәрмеңкелері ұйымдастырылады.

Орталықтың 2-3 қабатында 9-12 сынып оқушыларына арналған TUMO School орналасқан. Жобаның мақсаты – оқушыларды бағдарламалау, робототехника және тың технологиялар саласында инновациялық ойлау мен ІТ-дағдыларын дамытуға дайындау. Екі қабатта 554 оқушыға арналған аудиториялар, топтық жұмыс аймақтары, зертханалар мен конференц-залдар қарастырылған.

4-5 қабаттарда “Tomorrow School” мектебі оқушыларына арналған.Tomorrow School- Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer жасанды интеллект мектебі. Бұл мектеп 01 Edu платформасында жұмыс істеп, ЖИ саласында тегін білім алуға мүмкіндік береді. Алдын ала бағдарламалау дағдылары талап етілмейді. Алғашқы екі ағымға 5 000-нан астам өтініш түсті, олардың тек 30%-ы негізгі оқуға қабылданды. Алдағы уақытта орталықта ЖИ мамандарын дайындау қарқыны арта түседі.

6-қабат – ЖИ стартаптарын дамытуға арналған инновациялық аймақ. Мұнда жыл сайын жаңа ЖИ стартаптарын іске қосу жоспарлануда. Кампус инновацияларды қолдауға, технологияларды дамытуға және тұрақты кәсіпкерлік экожүйесін құруға бағытталған.

Министр Жасұлан Мәдиевтің айтуынша, орталық Telegram, TON, Tether, Indrive, Google сияқты ірі компаниялардың кеңселерін орналастыруды жоспарлап отыр. Бұл компаниялар ғылыми-зерттеу жобаларын іске асырып, жаңа ЖИ өнімдерін әзірлеумен айналысады.

Астанадағы Халықаралық жасанды интеллект орталығы елдің технологиялық әлеуетін жаңа деңгейге көтеріп, Қазақстанды ИИ саласында көшбасшы елге айналдыруға жол ашады.