Home Ақша Алаяқтар сіздің атыңыздан несие рәсімдесе, не істеу керек?

Алаяқтар сіздің атыңыздан несие рәсімдесе, не істеу керек?

11

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚРҚРДА) сіздің атыңыздан алаяқтар несие рәсімдеген жағдайда қандай қадамдар жасау керектігін түсіндіретін нұсқаулық әзірледі.

Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, мына әрекеттерді орындаңыз:

  1. Несиені берген қаржы ұйымының атауын анықтап, сол ұйымға жүгініңіз.
  2. Қаржы ұйымынан ішкі тергеу жүргізуді талап етіңіз.
  3. Несие шартының көшірмесін, қосымшаларын, жеке басыңызды куәландыратын құжаттарды және ақша аударылған шоттың реквизиттерін сұраңыз.
  4. Несие рәсімдеген қызметкердің мәліметтерін ұсыныңыз.
  5. Құқық қорғау органдарына арыздануыңыз қажет.

Ең бастысы!

Телефон арқылы сөйлескен кезде сақ болыңыз! Жеке кабинетіңізге қатысты логиндер мен құпиясөздерді ешкімге айтпаңыз, SMS-хабарламалардағы кодтарды ешкіммен бөліспеңіз, сондай-ақ, парақшаңызға тіркелген нөмірдің дұрыстығын тексеріп, күрделі құпиясөздер қолданыңыз.