Honda компаниясы 2020-жылдардың соңына қарай өз электромобилдерінде толығымен қатты күйдегі батареяларды қолдануды жоспарлап, электромобильдерінің қуатпен жүру қашықтығын екі еселеуге ниеттенуде. Бұл туралы компанияның зерттеу бөлімінің басшысы Кейдзи Оцу хабарлады.
Қатты күйдегі аккумуляторлар қазіргі сұйық электролит негізіндегі литий-ионды батареяларды алмастырады. Бұл технологияның арқасында 2040-жылдарға қарай көліктердің қуатпен жүру уақыты 2,5 еседен артық артады деп күтілуде.
Мұндай жетістік электромобильдерді ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың қауіпсіздігі мен қолжетімділігін арттырады. Сарапшылар бұл технологияны болашақтағы экологиялық таза көліктердің маңызды элементі ретінде қарастырып отыр.
Honda компаниясы Токио маңындағы Тотиги қаласында жаңа батареяларды өндіруге арналған пилоттық желі құрмақ. Жобаның жалпы құны – 277 миллион доллар, оның жартысы Жапония үкіметі бөлген субсидиялар арқылы қаржыландырылмақ.
Жоба 2024 жылдың қаңтар айында іске қосылмақ.Honda жаңа батареялардың көлемін 50%-ға, салмағын 35%-ға азайтып, құнын 25%-ға төмендетуді көздеп отыр. Бұл нәтижелерге келесі бес жыл ішінде қол жеткізу жоспарланған.
Компания 2030 жылға дейін жылына 2 миллионнан астам электромобиль шығаруды көздеуде. Сондай-ақ, 2030 жылы әлемдегі барлық сатылымдардың 40%-ы, ал 2040 жылы 100%-ы тек электрмен немесе сутегі отынымен жүретін көліктерден тұруы тиіс.
Кейдзи Оцуның айтуынша, Honda өздерінің жаңа аккумуляторларын серіктес екі тарапқа да тиімді болған жағдайда , басқа компанияларға сату мәселесін қарастырмақ.
Бұл бастама электромобиль дәуіріне жаңа серпін беріп, экологиялық көліктердің болашағына жол ашпақ.