Home Технологиялар VR мен AR MobilePoser қосымшасы дене қозғалыстарын нақты уақытта бақылауға мүмкіндік береді

MobilePoser қосымшасы дене қозғалыстарын нақты уақытта бақылауға мүмкіндік береді

51

Солтүстік-Батыс университетінің (АҚШ) инженерлері MobilePoser деп аталатын дене қозғалыстарын бақылау жүйесін әзірледі. Бұл жүйе арнайы жабдықтар мен көп өлшеу құралдарын қажет етпейді.Оның орнына мобильді телефон,смарт сағат немесе сымсыз құлаққап секілді қарапайым құрылғылар пайдаланылады.

MobilePoser шынайы  уақыт режимінде жұмыс істейді. Ол ішкі өлшеуіштерден және физикадан алынған деректерді пайдаланып, адамның дене қалпын және қозғалыстарын дәл бақылауға мүмкіндік береді. Бұл технология спорт залдары мен ғимараттар ішінде жол табу үшін жаңа мүмкіндік болмақ.

Зерттеу жетекшісі, Каран Ахуджа жаңа технологияның мобильді қозғалыс бақылауында маңызды жетістік екенін айтты. Ұжым MobilePoser-ді 15 қазанда Питтсбургте өтетін ACM 2024 симпозиумында таныстырады..

CGI технологиялары мен Microsoft Kinect секілді дәстүрлі дене қозғалысын бақылау жүйелерінен айырмашылығы, MobilePoser заманауи мобильді құрылғылардағы инерциялық өлшеуіштерді пайдаланады. Бұл өлшеуіштердің дәлдігі жеткіліксіз болғандықтан, команда деректерді жақсарту үшін арнайы алгоритм жасап шығарды. Жүйе қозғалыстардың шынайылығын қамтамасыз ететін физикалық оптимизаторды да қосады.

MobilePoser жүйесінің бақылау дәлдігі 8–10 см, ал Microsoft Kinect-тің дәлдігі 4–5 см, бірақ Kinect пайдаланушыны камераның алдында болуын талап етеді. MobilePoser болса, пайдаланушыларға еркін қозғалуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, MobilePoser медициналық мақсатта: адамның иық бұлшық етін тік ұстау және олардың белсенділігін бағалау үшін де қолданылуы мүмкін. Ахуджа технологияның ғимараттар ішінде жол табуға да пайдалы болатынына сенеді.

Қазірде MobilePoser бағдарламалық қамтамасыз етужүйесі қолжетімді, ал жұмыс тобы  iPhone, AirPods және Apple Watch үшін қосымша жасауды жоспарлап отыр.