Home технология ШҚО мемлекеттік кірістер қызметкерлері қазақстандықтарға бейнебайланыс арқылы қызмет етпек

ШҚО мемлекеттік кірістер қызметкерлері қазақстандықтарға бейнебайланыс арқылы қызмет етпек

12

Бүгінгі таңда салық және кеден мәселелері бойынша бейнеқоңырау арқылы жауап алуға болатынын YK-news.kz хабарлайды. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, Қазақстанда Salyqbot Telegram-дағы «Кеден мәселелері бойынша көмек» сервисі өз қызметін сапалы дәрежеде атқаруда

14 қазаннан бастап салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары бейнебайланыс арқылы кеңес ала алады.

— Біз бұр үрдісті жеңіл әрі ыңғайлы еткіміз келеді, енді мемлекеттік кірістер органдарына барудың  да қажеті жоқ, — деді департаментте.

Мемлекеттік кірістер органдарымен байланысу үшін kgd.qosyl.kz сілтемесіне өту немесе арнайы QR-кодты пайдалану жеткілікті.

— Салық және кеден қызметтері бойынша кеңес алу үшін «Аймақ» бөлімінде қажетті облыс немесе республикалық қалаңызды таңдаңыз. Ал басқа сұрақтар үшін ҚМД (Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті)н таңдаңыз, — деп түсіндірді мамандар.

Бейнеқоңырау тегін. Қызметті жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) 9:00-ден 18:30-ға дейін пайдалануға болады.