Бүгінгі таңда салық және кеден мәселелері бойынша бейнеқоңырау арқылы жауап алуға болатынын YK-news.kz хабарлайды. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, Қазақстанда Salyqbot Telegram-дағы «Кеден мәселелері бойынша көмек» сервисі өз қызметін сапалы дәрежеде атқаруда
14 қазаннан бастап салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары бейнебайланыс арқылы кеңес ала алады.
— Біз бұр үрдісті жеңіл әрі ыңғайлы еткіміз келеді, енді мемлекеттік кірістер органдарына барудың да қажеті жоқ, — деді департаментте.
Мемлекеттік кірістер органдарымен байланысу үшін kgd.qosyl.kz сілтемесіне өту немесе арнайы QR-кодты пайдалану жеткілікті.
— Салық және кеден қызметтері бойынша кеңес алу үшін «Аймақ» бөлімінде қажетті облыс немесе республикалық қалаңызды таңдаңыз. Ал басқа сұрақтар үшін ҚМД (Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті)н таңдаңыз, — деп түсіндірді мамандар.
Бейнеқоңырау тегін. Қызметті жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) 9:00-ден 18:30-ға дейін пайдалануға болады.