Home ғаламтор Костанай облысында қолжетімді интернетпен қамтамасыз ету қарқынын арттыруда.

Костанай облысында қолжетімді интернетпен қамтамасыз ету қарқынын арттыруда.

73

Костанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен облыс әкімдігінің мәжілісі өтті. Мәжілісте өңір тұрғындарын қолжетімді интернетпен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Мәжіліс барысында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының іске асырылуы талқыланды.оның мақсаты — 2027 жылдың соңына дейін республика бойынша ауылды елді мекендерді кеңжолақты интернетпен 100% қамту.

Құмар Ақсақалов Костанай облысында инфрақұрылымды салу қарқыны белсенді түрде жүргізілудің арқасында бұл мақсатқа уақытынан бұрын жетуге болатынын атап өтті.

«Қазіргі таңда 13 мың тұрғыны бар 50 ауылда антенна-монтаж құрылғыларының құрылысы жүргізілуде. Биыл біз осы мақсатқа жету үшін жобалау шығынымен қоса 742 миллион теңге бөлінді.Осылайша, 2026 жылдың соңына дейін 4G стандартындағы сапалы мобильді интернетпен қамту 100%-ға жетеді,» — деп пайымдады облыс әкімі.

Өңір үшін сапалы интернетпен қамтудың пайдалы тұстарын да атап өтті.

Бұл көрсеткішке жету- ауылды елді мекендердің экономикасын дамыту мен тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруға біршама көмектесетінін де қоса өтті Құмар Ақсақалов.

Аталмыш жұмыстардың аяқталуы тек заманауи цифрлық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етпейді. Сонымен қатар білім, медицина және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер алып келмек. Бұл өңірдің экономикалық базасын дамытуға және нығайтуға ықпал етеді.