Home Кәсіби маман Women in Tech Қазақстандаөз бөлімшесін ашты.

Women in Tech Қазақстандаөз бөлімшесін ашты.

93

Алматыда халықаралық Women in Tech ұйымының Қазақстандағы бөлімшесінің ашылуы өтті. Бұл қозғалыс 50 елден 250 мың қатысушыны біріктіреді. Қазақстандағы шараға офлайн 150-ден астам және онлайн 100 қатысушы жиналды.

Ашылу салтанатында Women in Tech Global басшысы Аюми Мур Аоки қатысты. Ол жаңа байланыс орнатудың пайдалы тұсы мен технологиялық салаларда қыздардың дамуының маңыздылығын атап өтті. Сарапшылар әйелдердің басқару позицияларындағы және венчурлық индустриядағы көрінісі туралы сөз қозғап, табысқа жеткендердің тәжірибесімен бөлісті.

Қазақстандағы Women in Tech бөлімшесінің басшысы Асем Болатжан шара жайлы:

— Біз Қазақстанның осы қуатты қозғалыстың бөлігі болғанына мақтанамыз. Қазақстандық Women in Tech құрылымының мақсаты — әлемде танылатын ұлттық технологиялық әйелдер бейнесін құру. Біз жаңашыдлық енгізуге және Қазақстанды әлемдік аренада дамытуға қабілетті жастардан көшбасшы әйелдерді тәрбиелеуге ұмтыламыз.

Women in Tech бақылаушы кеңесіне Жанат Бердалина, Ляззат Сатиева, Асель Тасмагамбетова, Дина Амришева, Динара Шукижанова, Куляш Байсеитова, Ельдар Абдразаков, Мурат Абдрахманов және Алина Алдамберген сияқты сарапшылар кірді.

Жақында Жоғарғы оқу орындарында дәрістер, техникалық митаптар мен Women in E-commerce бизнес таңғы асын өткізу жоспарланып отыр.