Home Стартаптар 7-сынып оқушылары күнделікті өмірді жеңілдететін мобильді қосымшаны таныстырды

7-сынып оқушылары күнделікті өмірді жеңілдететін мобильді қосымшаны таныстырды

11

Семей қаласындағы №50 IT-лицейінің 7-сынып оқушылары Айару Рахимбекова мен Ақбота Мұратова әлеуметтік мәні бар «HelpingHand App» мобильді қосымшасын әзірледі.

Бұл бағдарлама көру қабілеті нашарлаған адамдардың күнделікті өмірін жеңілдетуге арналған. MIT App Inventor платформасында жасалған қосымша дауыстық хабарламалар арқылы ақпарат беріп, күнделікті тапсырмаларды орындауға көмектеседі. Ыңғайлы интерфейс пен қарапайым басқару жүйесі қолданушылар үшін қосымшаны қолжетімді әрі қолайлы етеді. Телефонға жүктеу QR-код арқылы жүзеге асады.

«Біз үшін бұл жоба тек технологиялық тәжірибе емес. Қосымша адамдарға нақты пайда әкелсе деп ойладық. Алдағы уақытта оны жетілдіріп, қолдану аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз», – дейді оқушылар.

Жобаны жетекшілік еткен ұстаз – информатика пәнінің мұғалімі Айнур Сарғызова.