2025 жылғы 22 шілдеден бастап Қазақстанда жылжымайтын мүлік нысандарына мекенжай беру немесе оны жою бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі жаңартылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 шілдеде қол қойған №270 бұйрығында айтылған.
Басты жаңалық – енді қызмет нәтижесі құжат түрінде беріледі. Бұрын бұл рәсім мекенжай тізіліміне енгізілген жазбамен шектелетін. Енді өтініш иесіне ресми жауап – мекенжай берілгені туралы хабарлама немесе негізделген бас тарту хаты жолданады. Бұл жаңашылдық процестің ашықтығын арттырып, азаматтарға нақты жауап алуға мүмкіндік береді.
Тағы бір маңызды өзгеріс – бас тарту себептерінің кеңеюі. Бұрын өтініш тек жалған ақпарат немесе талаптарға сәйкес келмеген жағдайда ғана кері қайтарылатын. Енді мынадай қосымша үш себеп енгізілді:
- Сот шешімімен қызметке тыйым салынуы;
- Арнайы құқықтан айырылу туралы сот шешімі;
- Жеке деректерді өңдеуге рұқсат берілмеуі.
Осылайша, бас тартуға негіз болатын себептер саны бесеуге жетіп, азаматтарға неге қызмет көрсетілмегені жөнінде нақты, заңды түсіндірме беріледі.
Костанай облысының тұрғындары мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын облыс әкімдігінің Цифрландыру басқармасына жолдай алады (Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75-үй, тел.: 8 (7142) 50-35-77), сондай-ақ e-Otinish платформасы немесе Instagram желісіндегі @digital_kostanay парақшасы арқылы хабарласа алады.
Сондай-ақ байланыс үшін Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент те ашық (Қасымханов көшесі, 34-үй, сенім телефоны: 39-31-65), сондай-ақ EgovKzBot 2.0 телеграм-боты және @elgeqyzmet_qostanai Instagram парақшасы қолжетімді.