Жаңа жүйеге жер беті мен жер асты сулары, гидротехникалық құрылыстар және басқа да су шаруашылығы объектілеріне қатысты мәліметтер енгізілетін болады. Болашақта жүйеде жасанды интеллект пен ғарыштық мониторинг деректерін пайдалану жоспарланып отыр. Бұл елдегі су балансының нақты көрінісін анықтауға, экономика мен азаматтардың суға деген нақты қажеттілігін есептеуге, сондай-ақ су ресурстарын пайдалану үрдісін талдау мен бақылауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық жүйені енгізу нәтижесінде жер беті мен жер асты су ресурстарын есепке алу және басқаруға арналған біртұтас цифрлық платформа құрылады. Бұл мемлекеттік жүйелермен интеграция арқылы деректердің қайталануын жояды, суды пайдалану тиімділігін арттырады, оның мөлшерін дәлірек болжауға және талдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ су тапшылығы мен төтенше жағдайларға қарсы тиімді шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.