Home Технологиялар Ғаламтор және желі 2026 жылдан бастап КР азаматтарының мобильді аударымдары тексеріле бастайды

2026 жылдан бастап КР азаматтарының мобильді аударымдары тексеріле бастайды

19

2026 жылдан бастап жеке тұлғалардың шотына түскен мобильді аударымдарды салық органдары тексере бастайды. Бұл тексерулер 2025 жылы түскен аударымдардың негізінде жүргізіледі. Digital Business басылымының мәліметінше, бір ай ішінде түрлі адамдардан 100-ден астам аударым қабылдағандар немесе үш ай қатарынан 1 миллион 20 мың теңгеден көп қаражат алғандар бақылауға ілінеді.

Бақылау барша азаматтарға ортақ болады. Биыл, яғни 2025 жылы салық қызметінің назары жеке кәсіпкерлерге, компания басшыларына және олардың жұбайларына аударылады. Ал келесі жылдан бастап мобильді аударымдарды жиі қабылдайтын қарапайым азаматтар да тексеріледі.

Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндіргендей, тек басқа жеке тұлғалардан келетін аударымдар ғана есепке алынады. Жалақы, жәрдемақы, депозиттерден түскен қаражат пен банкомат арқылы толтырылған сомалар бұл тізімге кірмейді. Дегенмен, егер сіз үйде дайындалған тағам немесе тауарларды мессенджер арқылы сатып, тұрақты түрде ақша алып отырсаңыз – кәсіпкер ретінде тіркелу мәселесін алдын ала ойластырған жөн.

Бастапқыда бақылау шегін 255 мың теңге деңгейінде енгізу ұсынылған. Бірақ кәсіпкерлер мен қоғам белсенділерінің қарсылығынан кейін бұл шек 1,02 миллион теңгеге дейін көтерілді. Соған қарамастан, шағын кәсіп иелерінің бір бөлігі салық органдарының назарын аудартпау үшін қолма-қол есеп айырысуға көшіп үлгерді.