Илон Маск адамзат жасанды интеллектіні нақты деректермен оқыту мүмкіндігінің шегіне жеткенін мәлімдеді. Ол X платформасында, Stagwell компаниясының төрағасы Марк Пеннмен бірлесіп өткізген тікелей эфирде, өткен жылы адамзаттың жинақталған білім қоры жасанды интеллектіні оқыту үшін толықтай сарқылғанын атап өтті.
— «Жасанды интеллектіні үйрету үшін нақты деректер қалмады», — деді Маск.
Бұл пікір жақында OpenAI-дың бұрынғы бас ғылыми қызметкері Илья Суцкевердің жасаған мәлімдемесімен ұқсас келеді. Ол қазіргі жағдайды « деректердің жоғары шегі» деп атап, ақпараттың жетіспеушілігі модельдерді оқыту үшін жаңа тәсілдер мен көзқарастарды қайта қарауға мәжбүр ететінін болжады.
Сергей Никитин