Home Технологиялар Ғаламтор және желі Жасанды интеллект білім беру жүйесіне қандай өзгерістер әкеледі?

Жасанды интеллект білім беру жүйесіне қандай өзгерістер әкеледі?

21

Қазақстанда жоғары оқу орындарының базасында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық (R&D) жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Digital Almaty 2025 форумында Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті, Agibot компаниясы және елдегі жетекші техникалық университеттер арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Олардың қатарында Satbayev University, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ), Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ), Astana IT University және басқа да жоғары оқу орындары бар.

Келісімге сәйкес, университеттер Agibot компаниясының робототехника саласындағы озық технологияларын пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Бұл компания жасанды интеллект негізінде робот-гуманоидтар жасап, оларды түрлі салаларға бейімдеумен айналысады. Жоба аясында студенттер роботтарды жинау және жасанды интеллект шешімдерін әзірлеу үдерісіне тікелей қатыса алады.

Сонымен қатар, университеттер мен Agibot компаниясы Білім министрлігінің үйлестіруімен бірлескен R&D жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл бастама Қазақстанда жаңа технологияларды дамытуға, болашақ инженерлер мен ІТ мамандарды даярлауға, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді ілгерілетуге тың серпін береді.18:31