Home Технологиялар Роботы, дроны и ИИ Жасанды интелектке жұымскерлермен сұхбат өткізу тапсырылды

Жасанды интелектке жұымскерлермен сұхбат өткізу тапсырылды

12

Маркетолог Джек Райан LinkedIn-де Fairgo стартапының жасанды интеллект негізінде жүргізілген сұхбаттың үзінділерін жариялады. Райан бұл тәжірибеден көңілі қалып, мұндай технологиялардың жқмыскерлерді қабылдауда қолданылуын сынады.

Бұл жағдай өте даулы. Fairgo-ның бас директоры Джулиан Брайт журналистерге жасанды интеллекттің кандидаттарды бағалауда адами факторлардың әсер етпейтінін айтты. Алайда, кейінірек бұл пікірін теріске шығарып, жасанды интеллектпен өткізілген сұхбаттардың нәтижелерін жұмысқа жарамдылықты бағалауға пайдаланбайтындарын мәлімдеді.

Райан бұл жағдайды «капитализмнің дамыған кезеңінің тамаша мысалы» деп атады. Оның пікірінше, бизнес шығындарды үнемдеу мақсатында адамдарды бағалаудың маңызды аспектісі — адамдық қатынасты елемеуде. Нәтижесінде, технологиялық компаниялар қызметкерлерді жұмыстан шығарып, алты айдан кейін сол орынға қайта қабылдауға мәжбүр болады. Енді бұл процесс автоматтандырылып, одан да күрделене түседі.