OpenAI жаңа жасанды интеллект моделі GPT-5-тің іске қосылғанын жариялады. Енді соңғы ChatGPT тек жазылымға ие пайдаланушыларға ғана емес, барлық қолданушыларға қолжетімді.
Жасанды интеллектінің жаңа нұсқасы бұрынғы модельдердің ең үздік қасиеттерін біріктіріп, әртүрлі міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. GPT-5-ті ғылыми зерттеулерде, деректерді талдауда, бағдарламалық код жазуда және қолданбалы жобаларда пайдалануға болады.
Ең қызығы, пайдаланушылар жасанды интеллектінің қарым-қатынас стилін өздері таңдай алады. Бес нұсқа ұсынылған: стандарт, циник, робот, тыңдаушы және ботаник. Бұл ChatGPT-пен өзара әрекетті жеке әрі ыңғайлы етеді.
Сонымен қатар, жаңартылған дауыстық режим, диалогтарды түрлі түспен көрсету мүмкіндігі, Google Почта мен Google Календарь интеграциясы енгізілді. Бұл күнделікті тапсырмаларды жоспарлауды және автоматтандыруды жеңілдетеді.
GPT-5 мәтін генерациясы мен ақпарат талдау алгоритмдерін жетілдіріп, жауаптардың дәлдігі мен икемділігін арттырған. OpenAI жаңа нұсқаны шығару арқылы әр пайдаланушының сұранысына және қарым-қатынас стиліне бейімделетін әмбебап цифрлық көмекшіні жасау жолында маңызды қадам жасады.