Home Кибербезопасность Алаяқтықтың жаңа түрі: Қазақстандықтарға мүліктің тәркіленуі туралы хабарламалар тарауда

Алаяқтықтың жаңа түрі: Қазақстандықтарға мүліктің тәркіленуі туралы хабарламалар тарауда

44

Қазақстанда азаматтардың жылжымайтын мүлкін тәркілеу туралы хабарламалар таралуда . Бұл жағдайға қатысты сұрақтарға  Әділет министрлігі жауап берді. Министрліктің мәліметі бойынша, WhatsApp және басқа да әлеуметтік желілерде алаяқтар жалған ақпаратты таратумен айналысуда.

«Егер сізге осындай іспеттес хабарлама келіп түссе, Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (АИС ОИП) сайтына кіріп, өзіңіздің жеке сәйкестендіру нөміріңізді (ЖСН) енгізу арқылы ақпараттың дұрыстығын тексере аласыз», — деп ескертті министрлік.

Сонымен қатар, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының тізімі мен байланыс ақпараттарын арнайы сілтеме арқылы тексеруге болады.

Әділет министрлігі азаматтарды тек ресми деректерге сенуге шақырып, бөтен адамдарға жеке мәліметтерді бермеуге және күмәнді ғаламтор желілеріне деректерін қалдыруда сақ болуға кеңес береді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрлері көбейіп барады. Алаяқтар түрлі ұйымдардың өкілдері болып танысып, азаматтардың жеке деректері мен ақшаларын алдап иемденеді.