Home Технологиялар Ғаламтор және желі Қытайдың DeepSeek жасанды интеллектісі америкалық нарыққа триллион доллар шығын әкелді

Қытайдың DeepSeek жасанды интеллектісі америкалық нарыққа триллион доллар шығын әкелді

14

Барлығы қытайлық DeepSeek нейрожелісінің ChatGPT-ден әлдеқайда қуатты екенін ашқан жаңалықпен басталды. Бұл жаңа чат-бот тек ақылды әрі жылдам емес, сонымен қатар батыс аналогтарынан жүздеген есе арзан.

OpenAI, Meta және Google миллиардтаған долларларды нейрожелілерді оқытуға және жоғары өнімді чиптерді сатып алуға жұмсап жатқанда, DeepSeek жобасын дамыту Қытайға бар болғаны 6 миллион доллар тұрады.

Бұл жағдай алдыңғы қатарлы нейрожелілерді оқыту үшін қуатты чиптерді көптеп сатып алу қажеттілігін жоятынын көрсетті, бұл өз кезегінде чиптерге сұраныстың күрт төмендеуіне әкелуі мүмкін. Мұндай өзгерістер NVIDIA компаниясына үлкен соққы болып тиді, себебі ол жасанды интелектінің қарқынды дамуын пайдаланып, видеокарталарды үлкен көлемде сатумен айналысқан еді.