Қытайдың Шэньси провинциясындағы Сиань қаласында орналасқан Солтүстік-Батыс атомдық технологиялар институтында әлемде бірінші болып 20 гигаватт қуат беретін микротолқынды қару – TPG1000Cs жүйесі жасалды. South China Morning Post басылымының хабарлауынша, бұл құрылғы бір сессияда 60 секунд бойы үздіксіз жұмыс істей алады, яғни 3 мыңға дейін қуатты импульсті шығара алады. Ал дәстүрлі аналогтары көбіне тек 3 секундқа ғана шектелетін.
Жүйенің ұзындығы 4 метр, салмағы – 5 тонна. Компактты өлшемдері оны әскери жүк көліктеріне, кемелерге және ұшақтарға орнатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, техникалық тұрғыдан TPG1000Cs жүйесін жасанды жер серіктеріне орналастыру да мүмкін, бұл оны ғарыштық қару ретінде қолдануға жол ашады және табылуын қиындатады.
South China Morning Post басылымы атап өткендей, мұндай қуатты микротолқынды қару төмен орбитадағы жер серіктерінің жұмысын бұзуы немесе тіпті олардың электроникасына зақым келтіруі мүмкін. Әсіресе бұл Starlink серіктеріне қатысты, олар SpaceX компаниясы арқылы ұшырылған және Қытай үшін әскери мақсатта қолданылуы ықтимал болғандықтан қауіп тудырады.
Overclokers












