Қытай билігі жергілікті компанияларға белгілі сегменттерге қатысты АҚШ пен Израильдің бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалануды тоқтатуды талап етті. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Тыйым негізінен киберқауіпсіздікке арналған бағдарламаларға қатысты. Қазіргі кезде шектеу тек нақты компаниялардың өнімдеріне қолданылады, барлық америкалық немесе израильдік бағдарламаларды қамтымайды. Дегенмен, тыйым салынған ұйымдардың тізімінде оннан астам компания бар, олардың қатарында Broadcom, Palo Alto Networks, Fortinet және Израильдің Check Point Software бар. Барлық аталмыш компаниялардың Қытай мен Гонконгте өкілдіктері бар.
Бұл бағыттағы шаралар Қытайда ұзақ уақыттан бері жүргізіліп келеді. 2022 жылы тиісті директива шыққан және ол уақыт өткен сайын толықтырылып келеді.












