Home Электроника Деректерді сақтау және жинақтау Қытай электромобильдерді қуат сақтайтын жүйе ретінде пайдаланбақ

Қытай электромобильдерді қуат сақтайтын жүйе ретінде пайдаланбақ

13

Қытайда электромобильдерді энергия жүйесіне біріктіруге арналған 30 пилоттық жоба іске қосылды. Жобаның басты мақсаты – электр көліктерін шағын қуат сақтау құрылғысы ретінде пайдалану. Яғни, электромобильдер электр энергиясы артық болатын кезеңде қуат жинап, оны тұтыну шегі жоғары сәттерде қайтадан желіге беріп отырады.

Мұндай тәсіл энергетикалық жүйенің икемділігін арттырып, сұраныс пен ұсыныстың теңгерімін сақтауға көмектеседі. Мысалы, Бейжіңде іске қосылатын V2C (Vehicle-to-Grid – «Көліктен желіге») жүйесі арқылы жаңартылатын энергия көздері мен электр көліктері бірыңғай желіге қосылады. Сонымен қатар, бұл технология тұтыну көлемін тиімді реттеуге мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, бұл — энергетика саласын жаңғыртудың жаңа кезеңі.Электромобильдер енді жай көлік құралы ғана емес, сонымен бірге энергия айналымына үлес қосатын құрылғыға айналмақ.