Home Технологиялар Ғаламтор және желі WhatsApp ұзақ уақыт қолданылмаған аккаунттарды толықтай өшіреді

WhatsApp ұзақ уақыт қолданылмаған аккаунттарды толықтай өшіреді

7

1 сәуірден бастап WhatsApp мессенджері пайдаланушылардың белсенділігін бақылаудың жаңа тәртібін енгізді. Енді қолданушы 120 күн бойы қосымшаға кірмесе, оның парақшасы біржола жойылады. Бұл туралы digitalbusiness.kz хабарлады.

Жаңа ережеге сәйкес, пайдаланушының есептік жазбасымен бірге оның барлық хат-хабарламалары, байланыс тізімі және басқа да деректері қалпына келмейтін түрде өшіріледі.

Компания бұл қадамды қауіпсіздік шарасы деп түсіндіреді. Себебі ұзақ уақыт қолданылмаған парақшалар киберқылмыскерлердің нысанына айналуы мүмкін.

Сарапшылар WhatsApp-ты сирек пайдаланатындарға жеке деректерін жоғалтып алмау үшін есептік жазбаларын қайта қолданысқа енгізуді және маңызды ақпаратты алдын ала сақтап қоюды ұсынады.

Қысқасы, егер мессенджерге ұзақ уақыт кірмеген болсаңыз, қазір кіріп, қолдануды бастағаныңыз жөн. Әйтпесе, деректеріңіз қайтарымсыз жоғалуы мүмкін.